Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ата Заң күнін атап өтті
Ағымдағы жылдың 28 тамызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде (әрі қарай департамент) Ата Заң күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараға департаменттің басшы құрамы және қызметкерлері қатысты. Алғашқы сөз кезегі Департамент басшысы М.Нәлібаевқа беріліп, қызметкерлерді Ата Заң күнімен құттықтады. Келесі сөз кезегі Департамент басшысының орынбасары М.Қадырбекке берілді, ол өз кезегінде Ата Заң туралы баяндамасын оқып, қызметкерлерді құттықтады. Іс-шара барысында Департаменттің қызметкерлері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтқанда Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеу басқармасы арнайы бөлімінің басшысы З.Мизанов және Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қ.Бәйгебаев қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге байланысты құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтой медальдарымен Маңғыстау облысы бойынша Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Е.Мендалиев және Маңғыстау облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі С.Мопиков марапатталды. Құқық қорғау саласында еңбек сіңіргені үшін Г.Сатанбаева алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының атынан жас қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар ұсынылды. Бақылау және құжат айналымы бөлімінің консультанты Ж.Шыртанова Ата Заң туралы өлеңімен іс-шараны аяқтады.

