Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру

Сізде шикізат немесе қандай да бір өнім бар. Алайда оны Қазақстанда өңдейтін орын жоқ. Не істеу керек? Ол үшін ХҚКО-ға келіп, «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін алыңыз. Өніміңізді өңдейтін орын басқа елдерде бар екенін білсеңіз, Өнімді ҚР аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат қағазын алсаңыз болғаны. Ол үшін ХҚКО-ға өзіңіз немесе сенімхат бойынша өкіліңіз келіп,төмендегі құжаттар тізбесін ұсынса болады:сәйкес нысан бойынша өтiнiш;заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат;дара кәсiпкер үшiн – көрсетілетін қызмет алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өнiмдi өңдеуге арналған шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;салыстыра тексеру үшiн түпнұсқаны бере отырып, тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi. Егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi;ХҚО қызметкерi көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.Жеке басты куәландыратын туралы, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттар мәлiметтерді ХҚО-ның қызметкерi өздігінен портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күн.Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет тегiн көрсетiледi.ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414 нөмірінен білуге болады.

 
0
0
511

Осы тақырып бойынша

Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру - Yvision.kz