Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Салмақ қоса алмай жүрсіз бе?

Бір адамға арықтау арман болса, енді біріне нағыз трагедияның өзі. Тым жүдеу жанның келбеті ұсқынсыз көрінеді. «Арықсың, толмайсың ба?» деген сұрақ, ол үшін жанына бататын ауыр сөздердің қатарында. Томпақ болғандағы суреттерін қарап, «неге қазір арықпын?» деп өзін-өзі жеп қояды-ау.

Диетолог Зарина Керуеновадан мән-жайды анықтап білген едік.

Себептері:

* Салмағы аз адамның қан қысымы төмендеп, гемоглобин мөлшері де аз болады. Ағзаға темір жетіспей, анемияға шалдығып жатады.

* Қалқан безі артығымен қызмет атқарса, бөліп шығаратын гармон мөлшері тым көп болады. Метоболизм жылдам болғандықтан, адам салмақ қоса алмайды.

* Көп жағдайда әлдебір дәруменнің жетіспеушілігінен осындай жағдайға тап келеді. Ағзаңыз шаршағыш болып, депрессияға тез берілгіш келесіз.

* Орта жасқа келгенде өздігінен салмақ қоса бастайды.

* Тұқымқуалаушылықтан келбеті арық болып келеді.

Психологиялық факторларды Лимана Құттыбекқызынан сұрап білген едік:

* Күйзелісте жүрген жанның ағзасы дұрыс қызмет атқара алмайды. Жүйкені мейлінше сақтау қажет.

* Өзіне көңіл толмауынан адам тола алмайды. Сондықтан, айнаға қарап, «Мен өзімді жақсы көремін», деп айтыңыз.

* Уайымдағыш болмаңыз. Қайғы адамды барлық жағынан толыққанды қалыптасуға мүмкіндік бермейді.

* Көп қимылдағыш жандардың да салмақ қосуы қиындау.

Әлемдегі ең арық әйел 24 жасар Лиззи Веласкестің салмағы бар болғаны 25 келі. Бойы 152 см. Мамандар 20 минут сайын тамақ ішуі керектігін айтады. Техас штатындағы Остин қаласының студенті туылғанынан 1 келі болған көрінеді.

Ал, ата-ана, бауырларының салмағы қалпында. Енді адамдарға мотивация беретін инструктор болғысы келеді. Бетін аулақ қылсын. Модельдерге еліктеймін деп аты жаман ауруға шалдыққан қыз да естеріңізде болар. «Бірі тойып секіреді, бірі тоңып секіреді».

Арықтықтан қалай құтылуға болады? Жолдары қандай?

* Адамның салмағы майдан ғана тұрмайтын болғандықтан, спортпен жиі шұғылдану қажет. Бұлшықетті өсіру арқылы салмақ қосуға болады. Ол үшін арнайы жаттығуларды қажетінше жасаған жөн.

* Уақытылы тамақ тәртібін қалыптастыру керек.

* Ішіп жүрген асыңыздың көлемін ұлғайтыңыз. Жеңіл сусындардан жоғарыкалориялы сусындарға ауысқаныңыз дұрыс. Күніне 500-1000 калориялы тағамды қолданыңыз. Балық, жаңғақ, авакадо, зәйтүн майында бар.

* Тамақ уақытынан өзге 2-3 рет ара-арасында әр нәрседен тістеп қойыңыз.

* Көмірсулы тағамдарды күріш, ұн, қантпен бірге қолданғаныңыз дұрыс. Ағзаңызға инсулин гармоны бөлініп, майдың жиналуына септігі тиеді.

* Күніне кем дегенде 3 литр суды ұрттап ішіңіз. Бірден сылқыта іше салуға болмайды. Күніне 3-4 рет сүт ішіңіз.

* Тамақ ішіп болған соң, 1,5-2 сағаттан кейін протеинді коктейлді қолданыңыз.

Осы жағдайдың бәрін ескерсеңіз, қалыпты фигураны қалыптастыра аласыз. Өзіңізді жайлы сезінген соң, ажарлана түсесіз.

Салтанат Сүгір

2
0
901

Осы тақырып бойынша

Салмақ қоса алмай жүрсіз бе? - Yvision.kz