Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған
2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Facebook әлеуметтік желісінде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты тұрде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 25 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында қалта телефондарына арналған WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы о…