Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Н.Назарбаев: Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыруда үлкен жетістікке жетті

Қазақстан Мыңжылдық дамуға арналған БҰҰ-ның 8 мақсатын жүзеге асыру жолында толағай табыстарға жетті.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70 жылдық сессиясына арнаған баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Өз сөзінде Президент Қазақстанда мемлекеттіліктің тұғыры бекіп, азаматтық қоғамды дамытуға барлық жағдай жасалғанын айтты. «Осы уақыт ішінде қазақ елінің жалпы ішкі өнімі 19 есе ұлғайып, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларына жетті. Ана мен бала өлімі 65%-ға қысқарды. Ал елде «жасыл экономикаға» өтудің ұлттық тұжырымдамасы бекітілді», – деді Мемлекет басшысы. Сөз арасында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапы Жер шарын дамытудың ғаламдық құжатын қолдайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Согласно данным Стокгольмского института исследования проблем мира, в 2014 году совокупные военные расходы всех государств превысили 1,7 трлн долларов, или порядка 2,3% мирового ВВП. Поэтому я еще раз выдвигаю предложение о ежегодном перечислении каждым государством 1% от своего оборонного бюджета в Специальный фонд ООН на Цели устойчивого развития.

http://gbpp.org/kz/2015/09/7946

 
1
0
516

Осы тақырып бойынша

Н.Назарбаев: Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыруда үлкен жетістікке жетті - Yvision.kz