Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұрлы жол»: Соңғы 5 жылда Қытай-Еуропа бағдарындағы транзит көлемі 17 есеге өсті

Қазақстанда ресми тіркелген дипломатиялық корпустың және әлемдік озық БАҚ өкілдері «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандары, «Алтынкөл» станциясы, Қазақстан-Қытай халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болды (ХШЫО), деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ. АЭА-да кездесуге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы мен ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, қатысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ салған «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» бағдарламасы нысандарының бірі. Президент Н.Назарбаев атап өткендей, «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі – инфрақұрылымды дамыту. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар экономикалық өсудің инфрақұрылымдық негізін қамтамасыз етуге бағытталған». Жетіген – Қорғас, Жезқазған – Бейнеу…

0
0
388

Б.Байбек Алматының әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлерінің Күніне арналған салтанатты шара өтті. Қала әкімі Бауыржан Байбек бұл мерекенің қаланың әлеуметтік саласындағы 2,5 мың алматылықты біріктіріп отырғандығын атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі. «Бұл мереке - өздерін қолдау мен көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге арнаған жандарға жасалған құрмет. Сіздердің басым көпшіліктеріңіздің өз мамандықтарыңызды өмірлік мән ретінде қабылдағандарыңызға сенімдімін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанды модернизациялау: қоғамның жалпы еңбегінің 20 қадамында» Қазакқстанның тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік мемлекеттің мықты іргетасы қаланғандығын, біздің республикамыздың әлеуметтік даму барысы ортаевропалық елдер деңгейіне жақындағанын атап өткен болатын», - деді қала әкімі. Б.Байбек көмекке зәру жандардың әр…

0
0
380

Қазақстанға 2015 жылдың басынан бастап 3 мыңнан астам оралман келді

1 қазандағы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың басынан бастап өз тарихи отанына 3012 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Қайта оралған оралмандардың басым көпшілігі Жамбыл облысында – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысы – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған. Олардың көпшілігі Өзбекстаннан - 78,6%, 6,7% - Түркменстаннан, 6% - Қытайдан, 3,1% - Моңғолиядан, 5,6 % - басқа аймақтардан келген. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5%, зейнеткерлер - 6,3%-ді құрап отыр. Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 3…

0
0
341

ОҚО-да 5 балабақша пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында бес балабақша ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның бірі Шымкент қаласындағы №57 «Хадиша» балабақшасы. «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған 16 топқа негізделген мектепке дейінгі мекеме 320 орындық. Балабақша қазіргі заман талабына сай барлық бөлмелермен жабдықталған. Мұнда ойын бөлмесі, асхана, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, әр топқа арналған ойын алаңшалары қарастырылған. Балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесі, психолог, логопед және ұстаздар бөлмелері бар. Аталған мекеме балаларға үш тілде білім беретін болады. Сонымен қатар, көне шаһар Түркістан да «Ер төстік» пен «Асыл бөбек» атты жаңа екі балабақшамен толықты. 280 балаға лайықталған бұл мекеме р…

0
0
433

Ұлттық арна «Таңдау» көркем телехикаясын ұсынады

Хикая режиссері - Айдын Сахаманов, сценарий авторы – Ляззат Түлкібаева. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы телекөрермендерді осы жылдың қараша айында жаңа отандық өніммен қуантады. Осы жолы телекөрермендердің назарына 32 сериялық «Таңдау» көркем телехикаясы ұсынылады. Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамастан, олар өз үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді. Көптеген қиындықтарды бастан өткергеннен кейін, мемлекеттен қолдау алудан үміт үзіп, инвестицияларды жан-жақтан іздей бастайды. Телехикая аяқталар тұста отандық IT компанияның басшылығынан көмек сұраған кезде ғана елімізде өз ісін дамытудың барлық шарттары мен бірдей мүмкіндіктері жасалғанын білед…

0
0
706

Елбасы Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», – делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыр…

0
0
349

Футболшы Исламбек Қуат «Таңшолпанға» сұхбат берді

Құраманың 22 жастағы ойыншысы Исламбек Қуат сұхбат барысында отбасы туралы әңгімеледі. Футболдан 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Чемпионаттың іріктеу додасында Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы кездесуді жеңіспен аяқтады. Финал кезеңіне өтпесе де, қазақстандық құрама өзінің осал еместігін көрсетті. Футболшы Исламбек Қуат соққан гол ел футболы тарихындағы маңызы жоғары оқиға болды. Құраманың 22 жастағы ойыншысы Исламбек Қуат «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. «Біз Нидерланды құрамасымен ойнап, өз алаңымызда 2:1 есебімен жеңілген едік. Бізде топта 2 ұпай болды. Топта 5-ші орын алу үшін тек қана жеңіс керегін түсіндік. Команда мүшелері 5-ші орынды алуды ғана көздеді. Басқа мүмкіндік болмады. Бапкеріміз де соңғы орында тұрғанша, көрсеткішті сәл де болса…

0
0
555

Суретке қалай мінсіз түсуге болады?

«Таңшолпан» пайдалы кеңес ұсынады.

Суретке қалай әдемі, мінсіз түсуге болады? «Таңшолпан» пайдалы кеңес ұсынады:

  • Кез келген жағдайда көзді кең ашып түсу керек;
  • Егер суретке иегіңізді ұстап түскіңіз келсе, қолыңыздың ұшын ғана иегіңізге тигізуге тырысыңыз;
  • Қолды айқастырған кезде екі қолыңыз да көрініп тұрғаны абзал;
  • Пиджактың түймесі міндетті түрде салынбаған болуы тиіс;
  • Қолды қалтаға салмай, кеуденің тұсын ұстаңыз;
  • Екі қолыңызды жоғарыға көтерген кезде неғұрлым  жинақы болсын;
  • Фотоға түсуге қарсылық танытсаңыз да, бетіңізді қолыңызбен  жаппаңыз.
  • Костюмді шешіп түскіңіз келсе, арқаңызға ұстаған жөн.
0
0
1193

Әлеуметтік салада сауаттандыру жұмыстары жүргізілді

2015 жылдың 16 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу аясында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясы» және ҚР қылмыстық Кодекісіндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстың әлеуметтік саласында сауаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мысалы, 12 қазан күні облыстық қарттармен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде және 14 қазан күні Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің жұмысшыларына жемқорлықтың алдын-алу және онымен күресу жолдары туралы ақпараттық семинар-кеңес ұйымдастырды. Ал, 16 қазан күні Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөл…

0
0
686

Қазақстанда ішімдікті шамадан тыс қолданудың алдын алу бойынша онкүндік басталды

2015 жылдың 19 мен 28 қазаны аралығында еліміздің барлық аймақтарында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күнінің аясында «Алкогольді ішімдіктер жарнамасын тоқтату қажет!» деген ұранмен онкүндік өтеді. Шараны өткізудегі мақсат – халықтың алкогольді ішімдіктердің ағзаға тигізетін жағымсыз әсері туралы хабардарлығын арттыру, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Онкүндік барысында медициналық ұйымдарда мамандар кеңесінің ашық есік күндері өтеді: дөңгелек үстелдер; психолог, нарколог, әлеуметтік мамандардың қатысуымен оқу орындарында алкогольді ішімдіктерден бас тарту әдетін қалыптастыру; «Дені сау қала» кең көлемді акциясы, жасөспірімдер мен жастардың қатысуымен халық көп шоғырланған жерлерде флеш-мобтар өткізу;…

0
0
393