Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанға 2015 жылдың басынан бастап 3 мыңнан астам оралман келді

1 қазандағы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың басынан бастап өз тарихи отанына 3012 этникалық қазақ оралып (1164 отбасы), оралман мәртебесін алды. Қайта оралған оралмандардың басым көпшілігі Жамбыл облысында – 213 отбасы (529 адам), Оңтүстік Қазақстан облысы – 208 отбасы (527 адам), Қостанай облысы – 189 отбасы (452 адам), Маңғыстау облысы – 108 отбасы (487 адам), сондай-ақ, өзге де аймақтарға қоныстанған. Олардың көпшілігі Өзбекстаннан - 78,6%, 6,7% - Түркменстаннан, 6% - Қытайдан, 3,1% - Моңғолиядан, 5,6 % - басқа аймақтардан келген. Еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың көрсеткіші - 61,1%, 18 жасқа дейінгі балалар - 32,5%, зейнеткерлер - 6,3%-ді құрап отыр. Еңбекке жарамды жастағы оралмандардың 49,6%-ы жалпы орта білімді, 32,8%-орта арнаулы, 15,4% - жоғарғы білімді, 2,1%-нің білімі жоқ.…

0
0
263

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 20 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 292 мың 113 адам немесе 92,1% жасөспірім вакцинацияланды.

Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 11 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 100%, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95%-дан астам адам қамтылды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

0
0
241

Ақтөбе облысында браконьерлерден 100 дана киік мүйізі тәркіленді

Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» инспекторларының бірлесе өткізген рейд нәтижесінде «Жалаулыатпа» жерінде екі «Тoyota Land Crusier» көлігін мінген Қызылорда облысының алты тұрғыны ұсталды.
Автокөліктерді тексеру барысында киіктің 100 дана мүйізі мен 2 тегіс ұңғыл мылтық және 232 оқ анықталып, тәркіленді.
Аталмыш факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
470

«Аполлон» миссиясы кезінде түсірілген суреттер алғаш рет жоғары сапада жариялануда (ФОТО)

Личнбург колледжінің қызметкері Кипп Тиг америкалық ғарышкерлердің «Аполон» миссиялары кезінде түсірген суреттерін жариялады. Ол бұл суреттерді 15 жыл бойы жинап, бүгінгі күнге дейін жоғары сападағы 8400 өңделмеген түсірілімді Flickr фотохостингіне салып үлгерді. Энтузиаст өзінің суреттер сериясында «Аполлон» атты ғарыштық жобаның барлық алты миссиясын қамтыды.


0
0
612

Өз еліңнің заңын біл және оны құрметте

2015 жылдың 12 мен 24 қазан аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыру мақсатында, Орал қалалық №31 ЖОББМ онкүндік өтуде. Бүкіл мектептік саптүзеуде (линейка) оқушыларды құқықтық тәрбиелеу бойынша «Өз еліңнің заңын біл және оны құрметте» тақырыбында онкүндік бастау алды. Он күн ішінде мектепте түрлі шаралар өткізілді олар: ата-аналарға арналған дәрістер, оқушыларға түрлі құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлерімен кездесуді ұйымдастыру, «Закон и порядок» тақырыбында стенд шығару, «Өз құқығыңды білесің бе? атты кітап көрмесі, «Я рисую детство», «Права ребенка» атты сурет салу байқауы және түрлі ойындармен викториналар. 17 қазан күні Департаментпен бірлесіп, «Будущее без коррупции» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына сабақтан тыс тәрбие сағаты өткізілді. Шараға қатысушылар алды…

0
0
861

IRENA ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

IRENA бас директоры Аднан Амин ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаевпен Әбу-Дабиде 12 қазан күні өткен кездесуінде айтты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі. «Оны растау үшін А.Амин Р.Жошыбаевқа ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке бағытталған хат жолдады. Кездесуде Қазақстанның халықаралық ұйыммен қарым-қатынасы, ірі халықаралық алаңдарда көрменің тақырыбын насихаттау бойынша бірлескен кешендік шараларды өткізу байланыстары талқыланды. Дәл осы күні Р.Жошыбаев БАӘ сыртқы істер министрлігінің орынбасары Ахмад әл-Джерманмен кездесу өтті. А.әл-Джерман әмірлік тарапы жақын арада Қазақстан үкіметімен екіжақты инвестицияны қорғау келісіміне қол қоюға дайын екенін айтты. Тараптар визасыз жүріп тұру келісімінің хаттамасын бекітуге қол жеткізді. http://gbpp…

1
0
176

Оқушылар дайындаған бұйымдар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады

Шығысқазақстандық балақайлардың қолөнер бұйымдары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойылады. Көкпекті ауданының Самар ауылы шығармашылық үйі оқушыларының киізден жасаған бірнеше туындылары Астанада өткен республикалық байқауда көпшілікті таңқалдырып, бас жүлдені жеңіп алған. Енді бұл бұйымдар 2 жылдан кейін шетелдік қонақтарға көрсетілмек. Шығармашылық үйінің ашылғанына биыл 65 жыл. Мұнда 10-нан астам үйірме бар, оған 200-ден астам бала қатысады. Оқушылар ағаштан ою ойып, кесте тігеді, мүсіндер жасайды. Сондай-ақ бұл орталықтың өзіндік қуыршақ театры да бар. Ал кейіпкерлерге киімді өзіміз тігеміз дейді самарлық оқушылар. Галина Штукерт, шығармашылық үйі директорының орынбасары: - Біздің балалар қашанда ізденіс үстінде жүреді. Әркім өзінің жүрегіне қай үйірме жақын соны таңдайды, арасында ұжымдық жұ…

1
0
466

«Жасыл» экономикаға өтудің құралы – «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы республикамыздың «жасыл» экономикаға өтуінің бірден бір құралы, дейді Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптау орталығының Бас директорының орынбасары Людмила Шабанова. Сеулдің бастамасымен қолға алынған «Жасыл өткел» бағдарламасы «жасыл экономиканы» нығайту жолында бірқатар міндеттер жүктеді. Нәтижесінде саяси-консультативтік форумдар өткізіріп, осы мақсатта жобалар қолға алынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты Еуропа, Азия мен Тынық мұхит елдері арасында байланысты жақсарта отырып, экологиялық бекемдікті сақтау, тұрақты дамуға мұрындық болатын «жасыл» экономиканың ағымдағы мыңжылдықта қалыпты өрлеуіне жағдай жасау. Қазіргі таңдағы климаттың өзгеруімен байланысты, энергетикалық мәселелер мен ай…

1
0
383

Швеция Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысуға дайын

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың сол елге жасаған жұмыс сапарында мәлім болды. Швед елі EXPOкөрмесі үшін 1,5 миллион еуро бөлген. EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаевтың Швецияға жұмыс сапарымен баруы бекер емес. Өйткені бұл мемлекетжасыл технология саласында көш бастаушы елдердің бірі. Келер жылы олар жаңартылған энергия көзіне толықтай көшіп, қалған 3 атом электр стансасын жауып тастамақ. Бұл мақсатқа шведтер 546 миллион доллар инвестиция жұмсайды. Біздің делегациямен кездескен Швеция Үкіметінің өкілдері 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысатындарын растады. Урбан Алин, Швеция парламентінің спикері: - Қазір бізде жаһандық жылыну мәселесі пікірталас тудырып отыр. Қалдықтарды тастауды жіті бақыла…

1
0
392