Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жасыл құрылысқа өз өнімін 10 компания ұсынды.

Энергия тиімділігін арттыратын құрал орнату арқылы кез-келген тұрғын-үй жылына 4,5 млн-ға дейін қаражат үнемдей алады.  Ресейден келген компания өкілі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры»  жанындағы Техникалық кеңесінің отырысында осылай деді. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған жиынға Ресей, Оңтүстік Корея елдерінен құрылыс саласында озық технологиясын ұсынып отырған 10 мекеме  қатысты. Жалпы қор жанынан құрылған техникалық қызметтің мақсаты – құрылыс саласындағы инновациялық технологиялар жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын объектілерді озық құрылыс материалдарымен және жабдықтармен қамтамасыз ету.

Мархаббат БАЛҒАБАЙ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Техникалық кеңес көптеген шетелдік және жергілікті компаниялардың аталған жобада инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі ұсыныстарын  қарайды. Сондай-ақ осы кеңестің арқасында біз шетелден көптеген инвестицияны елімізге тартамыз. Тек жыл басынан бері біз 18 жобаны қарап, оның құрылысқа тиімділігін анықтадық. Қазір олар отандық құрылыста кеңінен қолданылып келеді.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10292

 
1
0
204

Осы тақырып бойынша

Жасыл құрылысқа өз өнімін 10 компания ұсынды. - Yvision.kz