Мазмұнға өту

Жаңа

Құрылыс саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және ҚР Қылмыстық кодексіндегі түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Өксекбаев және құрлыс жобалаушы ЖШС басшылары қатысты.

Семинар-кеңес барысында бизнес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен бизнес институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы баяндама оқылды.

Департамент қызметкерінің баяндамасы қызу талқыланды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, басты назар ҚР қылмыстық Кодексінің кәсіпкерлерге қатысты баптарндағы бара беру, пара алу, оған делдал болу және сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлаушыға қарастырылған материалдық көтермелеулерге тоқталды.

0
0
489

Алмайтын асу, бағындырмайтын биік жоқ!

Қай қырынан алып қарасақ та, егемен еліміз жылдан-жылға даму үстінде. Бұл–Мемлекет басшысының ел болашағы үшін жасаған сындарлы бағдарламалары мен өміршең жоспарларының жемісі.

 

Жыл сайын Елбасы халыққа Жолдауын жариялайды. Аталған маңызды құжатта мемлекет дамуының жаңа бағыттары айқындалып, әр сала бойынша атқарылуы тиіс мақсат-межелер белгіленеді. Соның арқасында елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған іс-шаралар жүйелі қолға алынып, оң нәтиже беруде. Әсіресе, көпшілік Ұлт Көшбасшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын «Қазақстан-2050» стратегиясының жалғасына балап, мемлекетті ұзақ мерзімді дамуға жетелейтін даңғыл жол ретінде мойындады.

Иә, бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы өзектілігімен, қажеттілігімен ел сенімінен шықты. Олай дейтініміз, әлемдік дағдарысқа қарамастан экономика, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салаларда оңтайлы өзгерістер орын алуда. Сондай-ақ, әр облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға бағытталған шаралар үздіксіз жалғасуда. Мәселен, өндірісті өңір саналатын Павлодар облысында үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасын жандандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1,3 трлн.теңге бөлініп, 87 ауқымды жобаны жүзеге асыру көзделген болатын. Бүгінгі таңда аталған жобалардың басым бөлігі іске қосылып, бес мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды. Ал алдағы уақытта тағы да осындай ірі инновациялық-индустриялық жобалар іске қосылады деп жоспарлануда.

Маңызды құжатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, су және жылумен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне де басымдық берілген. Осы мақсатта өңірлердегі су құбырларын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, технологиялық желілер мен ғимараттарының насостық құрылғыларының жаңартылып жатқанын атап өткен жөн. Үстіміздегі жылы бір ғана Павлодар облысында осындай 2,5 млрд. теңгенің жобалары іске асуда. Сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғындарды ауызсумен қамтамамсыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, шағын және орта бизнесті дамыту ісі де назардан тыс қалған жоқ.

Ең бастысы,  бұл бағыттағы шараларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан зор мүмкіндік жасалып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасына Ұлттық қордан 700 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Соның ішінде инфрақұрылымдық жобаларға - 207,8 млрд. теңге, құрылыс және ТКШ-ны дамытуға - 112,5 млрд. теңге, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға - 20 млрд. теңге, жаңа мектептер салуға - 17,3 млрд. теңге, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасына - 12,7 млрд. теңге, геологиялық барлау жұмыстарына - 6 млрд. теңге бағытталған.

Міне, осындай толағай жұмыстар мен халыққа деген қомақты қолдаудың нәтижесінде қазақстандықтар «Нұрлы жолдың» шапағатына бөленуде.

- Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар - бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары, - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтқандай, ендігі мақсат - халқымыздың бірлесе отырып, білек сыбана еңбек етуі. Сонда ғана біздің ел алмайтын асу, бағыдырмайтын биік болмайтыны сөзсіз.

   

Анара Ислямова

1
0
730

Астанада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Осы сенбіде, 24 қазан күні, елордада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ағымдағы маусымның соңғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Ақмола облысының шаруалары «Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда жалпы құны 404 миллион теңге болатын 968 тоннаға жуық өнім әкеледі. 

Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар тағамдар: көкөніс, ет өнімдері, макарон, жұмыртқа, бал және өзге де өнімдер ұсынылады.

Бұдан бөлек, жәрмеңке кезінде концерттік бағдарлама, спорттық шаралар және байқаулар ұйымдастырылады.

Еске салайық, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігімен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылады. Астанада қыркүйек айының басынан бері Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткен болатын.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2831112

0
0
341

«Сыбайлас жеморлық дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады?»

2015 жылдың 20 қазанында өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды, тұлғаның қалыпты өнегелік негіздерін,  азаматтық көзқарасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру мақсатында №32 ОЖББМ сыныптан тыс «Сыбайлас жеморлық дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасы өтті.

Сабақ «Ынталы отыншы» әңгімесін тыңдаудан басталып, өтетін іс-шараның тақырыбы айтылды. Кіріспе үшін «миға шабуыл» жасалып, онда ұқсастыру әдісі арқылы оқушылар сыбайлас жемқорлық түсінігіне ұқсас сөздер айтып, оны мұғалім тақтаға жазды.

Одан әрі оқушылар, топтарға бөлініп жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Әр топ берілген тақырып пен тапсырманы талқылап, сыбайлас жемқорлыққа немесе оған ұқсас жағдайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар ортаға салды.

Сабақ «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» тақырыбында сурет салу шығармашылық тапсырмасымен аяқталды.

Шараға қатысушылар алдында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы В.Масимова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, бейнероликтер көрсетілді.

Сыныптан тыс шара соңында жоғары сынып оқушыларына «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды.

 


 
0
0
1181

Анасы сәбиімен бірге ұйықтаған дұрыс па?

Үлкендердің әңгімесіне құлақ түріп, өткенге оралатын болсақ бұрын баланы бесікке бөлейміз бе, бөлемейміз бе деген сұрақ болмаған. Бала өмірге келген бойда, қазақтың салт-дәстүріне сай барлық жөн-жоралғылар жасалып, баланы бесікке салған. Заман өзгеріп, уақыт талабы түрленген сайын сәбидің күтімі туралы талай сұрақтар пайда болды. Бүгінгі таңда медицина мамандары мен үлкен әжелеріміздің пікірі екіге жарылып, бөпені бесікке бөлеген дұрыс немесе дұрыс емес деген ұсыныстар айтылып жүр. Сәбиді бесікке бөлемегендіктен бала анасының қасына ұйықтаған дұрыс па әлде бұрыс па деген сұрақ туады.


 
0
0
536

Гролар – гризли ме, әлде ақ аю ма?

Гролар – гризли мен ақ аюдың гибриді. Мұндай аюларды тағы да акнук, пизли, нанулак немесе полярлық гризли деп атайды. Табиғатта генетикалық тұрғыда бір-біріне ұқсас түрлер бір территорияда өмір сүрмеуге тырысады. Мысалы, Гризли жерде жүрсе, ақ аю су мен қарлы аймақта тіршілік етеді. Осыған қарамастан, кейбір сирек жағдайларда бұл екі түр шағылысып жатады. Гибрид туралы толығырақ оқыңыз


0
0
1394

Амфиприондар немесе клоун-балық туралы не білесіз?

«Немоны іздеу» («Finding Nemo») анимациялық фильмін көрмеген адам кемде-кем. Өзінің қызыққұмарлығының кесірінен қиын жағдайға түсіп, қайратты мінезі мен белсенділігінің арқасында теңіздегі туыстарына қайта қосылған Немо ешбір көрерменді бейжай қалдырмайды. Алайда Немо мен оның туыстары шынайы өмірде клоун-балықтар деп аталатынын біреу білсе, біреу білмейді. Бүгін осы ерекше балық түріне қысқаша шолу жасаймыз.


0
0
1908