Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны аман алып қалды

Полицейлердің қырағы жұмыстарының нәтижесінде көп қабатты үйдің шатырынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны құтқарылды.

Ағымдағы жылдың қазан айының 20-ында полицияның кезекші бөліміне облыс орталығындағы көпқабатты үйдің шатырынан жас қыздың секіруге әрекет жасап жатқандығы жайлы хабарлама түседі. Дереу әкімшілік аймақ көлемінде барлау жұмыстарын жүргізіп жатырған полиция қызметкерлері, атап айтқанда Қызылорда ҚІІБ-ның Әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Ғ.Оразбеков пен Д.Сұлтанбекұлы және Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Б.Тобагабылов оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды райынан қайтару мақсатында келіссөздер жүргізіп, үйдің шатырынан түсіріп алады. Оқиға орнына жәдел жәрдем шақырылады. Азаматшаның хал-жағдайы «жақсы» деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі таңда, азаматшаның бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
257

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматшаны аман алып қалды - Yvision.kz