Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жоспардан жылдам салынуда

«ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жоспардан біршама жылдам салынуда. Құрылыс алаңында болып қайтқан Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес осылай деді. Ол халықаралық көрме бюджетіне дағдарыстың еш әсері тимегендігін атап өтті. Сондай-ақ,   Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы: «ЕХРО-ның жаңа басшылығы көрмеге дайындықты үздіксіз жүргізуде. Осының арқасында жұмысты кестеден кешіктірмей орындау мүмкін болды»,- дейді.

Висенте ЛОССЕРТАЛЕС, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ БЮРОСЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Әрине, біз «ЕХРО-2017» көрмесі басшылығының  өзгергенін естігенде қатты алаңдаушылық білдірдік. Алайда бұл істі Мемлекет басшысы өз бақылауына алды.  Басшылық өзгергеннен кейін келіп, жұмыс барысымен таныстық. Жұмыс тиімді жүргізілуде. Сондықтан мұндай жағдай қайталанбайды деген сенімдеміз.

Рапиль ЖОШЫБАЕВ, «ЭКСПО 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ КОМИССАРЫ:

Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың қатысуы бойынша жоспар орындалды деуге болады. Осыған дейін біз 100-ден аса мемлекет және 10 халықаралық ұйым қатысады деп жоспарладық. Аталған жұмыс осымен тоқталмайды. БҰҰ-ның құрылымдарымен «жасыл энергетика» саласындағы профильді ұйымдармен келіссөздер жүргізудеміз.

Қазақстан астанасында өтетін «ЕХРО-2017» көрмесіне қатысатындығын әзірге 48 ел мен 10 халықаралық ұйым ресми түрде растап отыр.

ҚР СІМ басшысы Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысымен кездесті

ЕХРО құрылысымен танысуға келген халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссортеласпен сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та кездесті. Басқосуда біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының 70-ші сессиясында айтылған маңызды мәселелер сөз болды. Әсіресе, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастық назарын аударған батыл ұсыныстарына айрықша мән берілді. Мәртебелі мейман халықаралық “ЭКСПО – 2017″ көрмесінің құрылыс жұмыстарына қанығып, жобалардың жүзеге асу барысын жоғары бағалады. Сөйтіп билік өкілдерінің тынымды тірлігі үшін алғыс білдірді.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10300

 
1
0
333

Осы тақырып бойынша

«ЕХРО-2017» көрмесінің нысандары жоспардан жылдам салынуда - Yvision.kz