Мазмұнға өту

Жаңа

Караоке қалай пайда болды?

«Караоке» ұғымы жапонның: «кара» (бос) және «окесутора» (оркестр) сөздерінен шыққан. Бірнеше онжылдық бұрын пайда болған бұл көңіл-көтеру құралы бүгінгі таңда біздің өмірімізге кеңінен еніп кетті: оны сіз кафелерден, туристік орындардан, телебағдарламалардан немесе дәл өзіңіздің үйіңізден көре аласыз. Алайда карокенің тарихы мен оны ойлап тапқан адам жайлы білетін адам кемде-кем.


0
0
529

Жасыл экономика. Арал өңірінде «жасыл» экономика ілгерілеп келеді

Бүгінгі таңда бұл аймақ күн мен жел энергиясын шаруалар игілігіне пайдалану үшін біршама жұмыстар атқаруда.

Солардың бірі ауданындағы «Қожағұл ата» шаруа қожалығы. Енді мұндағы малшылар табиғат қуатынан электр тоғын ала алады. Сондай-ақ шаруашылық эко-бизнес жүргізуді де дендеп қолға алмақ. Өңір үшін мұндай заманауи технологиялар таңсық болғандықтан насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда Арал айналасындағы «жасыл» белдеулерді анықтау бойынша бірқатар шаралар да жүзеге асырылмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10444

1
0
256

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews тілшісі ”БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отандық автомобиль кәсіпорнында құрастырылған микровэн KIA Soul EV деп аталады. Электромобиль бір ай бойы Кабмина қызмет паркінде тексерістен өткізіледі. Автомобиль сыйымдылығы сағатына 27 шақырымды қамтамасыз ететін полимерлі литий-ионды батареямен жабдықталған. Қуаты 110 аттың күшіне тең Soul EV электромобилінің максималды жылдамдығы сағатына 145 шақырым болады. Жаңа автомобильдің термобақылағыштың арқасында кез келген температуралық режимде жұмыс істейтіні белгілі болды. “Қазіргі кезде республика жолдарында 200 электромобиль ғана бар. Дегенмен бір жыл ішінде экологиялық таза транспорт құралы Қазақстанда ек…

1
0
342

Қ.Тоқаев БҰҰ Резидент –үйлестірушісі С.Туллға тиімді жұмыс үшін алғыс айтты

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі, БҰҰ Резидент –үйлестірушісі Ствен Туллды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев БҰҰ тұрақты төрағасын Қазақстандағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты. БҰҰ қолдауымен біздің ел мыңжылдық дамуының мақсаттарына жетті, Қазақстанда маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Оның ішінде «жасыл» энергетика саласы да бар. Қазақстанға БҰҰ бас хатшысы мен әлемдік ұйым өкілдере бірнеше мәрте сапарлады. Сенат Спикері атап өткендей, Қазақстан БҰҰ мақсаттарымен байланысты. С.Тулл БҰҰ бас ассамблеясының сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ реформаларының 30 жылдық болжамын жоғары бағалады. Оның пікірінше, Елбасының баяндамасы жаңа басталмаларды қамтығандықтан өте…

1
0
279

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 14 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық банктың баспасөз қызметі. Аталып өткендей, монеталар номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапалы алтыннан және күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалынған. Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан, алтын және күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан…

0
0
263

ҚР Ұлттық музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық көркемөнер музейі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы» атты Х форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық көркемөнер музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі. Ресми рәсімде Беларусь Республикасы Ұлттық көркемөнер музейінің бас директорыВладимир Прокопцов екі елдің жетекші музейлерінің өзара ынтымақтастығы мәдениетаралық байланыстың буынын бекіте түсетінін атап көрсетті. Оның сөзінше, қос музей бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап қана қоймай, мәдени, рухани достыққа дәнекер болуы керек. «Келесі жылы біз Қазақстанның Ұлттық музейін Беларуссияға музейлер форумына шақырамыз және сіздердің бізге келетінд…

0
0
695

Ғ. Тоғызбаев: Үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажет

Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру» бойынша өткен I Конгресте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің басқарма төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев айтты. Ол, үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажеттілігін атап өтті. Олар - медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының кіші медициналық персоналы, орта медициналық қызметкерлері және дәрігерлер. Ол, халықаралық тәжірибені ескеріп, біздің университетпен тығыз ынтымақтастық жолға қойылған Ресей медициналық дипломнан кейінгі академиясы, А.Әлиев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты сияқты және тағы басқа әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет, деді. Ғалымжан Т…

0
0
442

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Собянин Астана мен Мәскеу арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашты (ФОТО)

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі Сергей Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасына қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігі. Мәскеу Үкіметінің делегациясы 23 қазан күні Астанаға ресми сапармен келген болатын. Бүгінгі кездесуге Мәскеу Үкіметіндегі қала құрылысы саясаты мен құрылыс мәселелері бойынша Мәскеу мэрінің орынбасары Марат Хуснуллин, қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымы Департаментінің басшысы, Мәскеу мэрінің орынбасары Максим Ликсутов пен Мәскеу Үкіметінің министрі, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаментінің басшысы Сергей Черемин қатысты. Тарихи, территориалды және саяси байланыстар негізіндегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы түрлі салалар бойынша қарқынды дам…

0
0
560

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады (ФОТО)

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады облыс әкімдігі. Ұлттық компания басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті. Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. « Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз », - деді Ахметжан Есімов. Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мү…

0
0
447