Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Чемпиондар Лигасы. «Астана» — «Атлетико Мадрид» ойынына қазірге дейін 17 мың билет сатылған

3 қарашада елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды.

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған.

Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Матч Астана ауақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді мына мекенжайлардан алып кетеді:

1. «Қазақстан» СК.

2. Мұнайтпасов атындағы стадион.

3. «Нұр-Астана» мешіті.

4. Салтанат сарайы.


0
0
357

Осы тақырып бойынша