Мазмұнға өту

Жаңа

Израильде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайға жаңа талдар отырғызылды

Израильдегі Қазақстанның Елшілігі «Керен Каемет ле-Исраэль» еврей ұлттық қормен бірлесіп Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайға жаңа талдар отырғызу рәсімін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Естеріңізге сала кетейік, тоғай 2000 жылы сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Израильге ресми сапары аясында Бейт-Шемеш  қаласының маңында ТМД еврейлер жамағаты федерациясымен отырғызылды.  Ол Израиль халқының Н.Назарбаевтың екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін мойындауын  білдіреді.

Жалпы Израильде достастық президенттерінің атымен аталған алты жасыл желек бар. Н.Назарбаев атындағы тоғай Израиль Президентінің құрметіне отырғызылған орманның ішінде орналасқан. «Керен Каемет ле-Исраэль» еврей ұлттық қорының департамент директоры Игаль Ясиновтың айтуынша, Қазақстан Президенті мемлекеттің қақ ортасында орналасқан аталмыш орманда оның атымен аталған тоғай бар жалғыз шет мемлекеттің басшысы.

«Бұл ерекше деңгейдегі құрметті білдіреді», – деп толықтырды И. Ясинов.

Ағаштарды отырғызуға ҚР-ның Израильдегі елшісі Дулат Қуанышев, Қазақстанның құрметті консулы Давид Люксембург және «Керен Каемет ле-Исраэль» еврей ұлттық қорының өкілдері қатысты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10499

 
1
0
419

Рубик текшесі қалай пайда болғанын білесіз бе?

Рубик текшесі (көбіне «кубик-рубик» ретінде танымал) – 1974 жылы венгриялық мүсінші және архитектура оқытушысы Эрне Рубиктың ойлап тапқан (1975 жылы патенттеген) механикалық бас қатырғышы.

Эрне Рубик Будапешт технология және экономика университетінің құрылыс-архитектуралық факультетін бітіріп, 5 жыл бойы ғимараттарды жобалаумен айналысқан....


0
0
1457

Қазақстан Президенті Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Екі жақтың делегацияларының кеңейтілген құрамда өткен кездесулері барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Катар мемлекетін осы өңірдегі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айта келіп, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін екі елдің әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті. Оған Қазақстан мен Катар арасында жоғары саяси деңгейде қалыптасқан өзара сенімді қарым-қатынас негіз болуға тиіс.

Екі елдің көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Катар мемлекеті сияқты Қазақстан да қазіргі кезде өз экономикасын әртараптандыру саясатын қарқынды жүргізіп жатыр. Елде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар екі елдің компаниялары арасында бірлескен жобалар үшін перспективаларға жол ашады.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан бүгінде Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын іскерлік, транзиттік және логистикалық ірі хаб құрып жатқанын да еске салды. Сол арқылы еліміз әлем халқының төрттен үші тұрып жатқан 60-қа жуық елді байланыстыратын Жаңа Жібек жолын қалыптастыруда. Еліміздің көлік-транзиттік мүмкіндіктері Қытайдың, Ресейдің және Орталық Азия өңірінің нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.

Мемлекет басшысы 2017 жылы Астанада мамандандырылған ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетінін айтты және Катар компанияларын сол шараға белсене қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде инвесторлар үшін барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында көптеген жеңілдіктер мен артықшылықтардың заң жүзінде бекітілгенін айтты. Астанада Британ құқығына негізделген халықаралық қаржы орталығы іске қосылатыны, сондай-ақ респаубликада исламдық қаржыландыру ісіне айрықша маңыз беріліп отырғаны атап өтілді. Қазақстанда исламдық қаржы индустриясы саласында заңнамалық база қалыптасты, ислам банкингі, сақтандыру және лизинг секторында бірқатар қаржы институттары жұмыс істейді.

Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан Президенті бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарға қуатты серпін беретінін, Доха біздің елмен кең ауқымдағы ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті. Катар Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты.

Қазақстан Президенті мен Катар Әмірі екі елдің арасында қаржы-инвестиция, банк секторында, агроөнеркәсіп салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды:

1. Дипломатиялық паспорты бар тұлғалардың виза талаптарынан босатылатыны туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

2. Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Катар мемлекетінің Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Ақпарат көзі

 
0
0
369

Қазақстан Елшісінің малайзиялық Кедах штатына сапары барысында аймақ аралық саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Кедах штатына жұмыс сапар шекті, деп хабарлады СІМ.

Лангкави даму Агенттігінің (LADA) Бас директоры Халид бин Рамлимен (Khalid Bin Ramli) кездесу өтті.

Д.Сарекенов агенттік делегациясын Қазақстанға сапар шегуді және сапарды 2016 жылы 20-22 сәуір аралығында Алматы қ. өтетін «Туризм және саяхат» атты халықаралық көрмеге қатысумен ұштастыруға болар екендігін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан-малайзия арасындағы Бірлескен сауда-экономикалык комитетінің жанында, туризм саласындағы арнайы жұмыс тобына агенттіктің өкілін қосуға қажеттілігін атады. Сонымен бірге Астана қ. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмеге агенттктің Малайзия кешенінің бір бөлігі ретінде қатысу мүмкіндігіне назар аударды.

Өз кезегінде, Х.Рамли ЭКСПО 2017 «Келешек энергия» атты көрмесі «2011-2015 жылдар аралығында Лангкавидің туризм саласын дамыту Жоспары», сондай-ақ аталған Жоспардың 2016-2020 жылдар аралығындағы басты басымдылықтары, оның ішінде Малайзияның Үкіметі, Лангкавиді 2030 жылға дейін елдегі бірінші экологиялық таза «төмен көміртекті аралға» айналдыру стратегиясына сай келетінін айтты.

Ү.ж. 22 қазанда Қазақстан Елшісінің Кедах штатының Регенттік кеңесінің Төрағасы Жоғары Мәртебелі Саллехуддин Сұлтан Бадлишахмен кездесуі өтті. Шара барысында Д.Сарекенов еліміздің саяси, экономикалық жағдайы және Қазақстанның басты халықаралық бастамалыры туралы хабарлады. Екі мемлекеттің этно-конфессиялық ұқсастығы туралы және еліміздегі – Қазақстан халқының Ассамблеясы бірігей әлеуметтік-саяси институты баяндап берді.

Регенттік кеңесінің Төрағасы Қазақстанның қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық елулі жетістіктерін ерекше атап өтіп, Кедахқа сапар шеккен үшін өзінің ризашылығын білдірді. Сонымер бірге, С.Бадлишах осындай сапарлар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі даму бағыттарының бірі екендігі туралы айтты.

Ү.ж. 22 қазанда Кедах штаты үкіметі басшысы-Бас министрі Мухриз Мохамадпен кездесу барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және аймақ аралық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму перпективалары талқыланды. М.Мохамад Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және сырқы саясатындағы жетістіктерін жоғары бағалай, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар деңгейінің одан әрі нығайтуына кәміл сенетінін айтып өтті.

Осы орайда, Бас министр Кедах штатының индустриалды дамуына бағытталған «Кулим» Жоғары технологиялар паркінің сәтті тәжірибиесі туралы баяндап берді.

Тараптар, ақпартаттық технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда ынтымақтастық орнату перпективаларының бар екендігі туралы ортақ пікірге келді.

Жалпы, Елші Д.Сарекеновтың Кедах штатына шеккен жұмыс сапары, қазақстан-малайзия арасындағы аймақ аралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі жақты қарым-қатынасты «әртарапты серіктестік» деңгейге шығару бойынша маңызды оқиға ретінде санауға болады.

Ақпарат көзі

 
0
0
440

Элизабет әлемде 16-шы орында

АҚШ-тың Милуоки қаласында мәнерлеп сырғанаудан Skate America кезеңіндегі Гран-при сериясының жаңа маусымы мәресіне жетті. Мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің финалдық кезеңіне дейін ұпай жинап, рейтингте көш бастауға барлық спортшы үшін мүмкіндік бар.


0
0
364

ИИДМБ: Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылармен 523 келісім орнатылған

Қазақстанда ҚР Минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 5 жылдық бағдарламаны іске асыру аяқталды, деп хабарлады ИДМ.

Қатты пайдалы қазбалар негізгі түрлері қорларының өсуі мынадай: алтын - 418 тонна; мыс - 5,2 млн. тонна. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттың міндеттемелерін орындамауы мәнінде тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 5 жыл ішінде 191 келісімшарт бұзылды.

Сондай-ақ, осы кезеңде 27 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерін бекіткен 670 жоба қаралды әрі бекітілді. Уран мен көмірді қоспағанда, жерасты сулары, қатты пайдалы қазбалар бойынша 136 жаңа келісімшарт жасалды.

Жер қойнауын пайдалану құқықтарын беруге мораторий алынғаннан кейін 2014 жылы конкурс өткізіліп, 36 жеңімпаз айқындалды. Олар тек қана біржолғы төлем ретінде 1,5 млрд. теңгеге жуық сомада қол қою бонустарын ұсынды. Бұл ретте, геологиялық барлау саласына күтіліп отырған инвестициялар көлемі 1 келісімшартқа 2 млн.$ есебімен 70 млн.$, астам соманы құрайды деп болжануда.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының нашар зерттелген аумағында жер қойнауын пайдалану құқықтарын берудің австралиялық әдісі енгізілді.

Жер қойнауын пайдалануда енгізілген тағы бір жаңалық –аукцион өткізу.Жеңімпазды айқындаудың бірден бір өлшемі – қол қою бонусының мөлшері болып табылады. Алғашқы аукционның қорытындысы 2015 жылғы желтоқсанда жүргізіледі.

Айта кетейік, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы жылдарында Рио Тинто, Илука және Корес корпорациясы сияқты ірі әлемдік компаниялармен жер қойнауын пайдалану саласындағы озық технологияларды Қазақстанға беру жобаларын іске асыру басталды. Жаңа білім алу әрі кадрлар даярлау мақсатында Назарбаев Университетінде «Қазгеология» ұлттық компаниясымен бірлесіп,  Тау-кен ісі мектебін, Жер туралы ғылымдар институтын (әріптесі Colorado School of Mines),  сондай-ақ Геологиялық зерттеулер орталығын өзіне қамтитын геологиялық кластер құрылады.

2005 жылдан бастап Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын іске асырудың басты жетістігі – 2013 жылы «ИПДО-ны жақтаушы елдер» ашықтық талаптары мен мәртебесіне халықаралық деңгейде Қазақстанның сәйкестігі танылды. 48 ел – ИПДО-ның мүшесі болып табылады.

Ақпарат көзі

 
0
0
327

Қазақстан өкілдері Куала-Лумпурда бірінші Tрансформация жөніндегі жаһандық форумына қатысты

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының төрағасы Әлихан Бәйменов бастаған Қазақстан Республикасының және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Офисі делегациясы Куала-Лумпурда (Малайзия) өткен «Трансформацияны енгізу: диалогтан тиімді іс-қимылға» (Operationalising Transformation: Shifting Dialogue to Effective Action) атты бірінші Трансформациялау жөніндегі жаһандық форумының (GFT, Global Transformation Forum) жұмысына қатысты, деп хабарлады СІМ.

Делегация құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Аяна Манасова, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Астана қ. Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабының зерттеу тобының басшысы Ернар Жаркешов кірді.

Малайзияның үкіметі БҰҰДБ-мен бірлесіп ұйымдастырған форум жұмысына көрнекті мемлекеттік қайраткерлер, саясаткерлер, БҰҰДБ-ның жоғары лауазымды және халықаралық қаржы институттарының өкілдері, корпоративтік сектордың басшылары, қоғамдық белсенділері мен әлемнің жан-жағынан келген көрнекті сарапшылар қатысты. Форум қатысушылар арасында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разак, Боливияның бұрынғы Президенті Хорхе Кирога, БҰҰДБ-дың Администраторы, Жаңа Зеландияның бұрыңғы Премьер-министрі Хелен Кларк, Сингапурдың бұрынғы Премьер-министрі Го Чок Тонг, Аустралияның бұрынғы Премьер-министрі Кевин Радд, атақты спортшысы, актер және Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер, Олимпиялық чемпионы Карл Льюис, «Starbucks» компанияснының қалаушы Зев Зигль, Жеңіл атлетика федерацияларының Халықаралық Ассоциациясының Президенті, Олимпиялық чемпионы лорд Себастьян Коэ, УЕФА төрешілік комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина.

Жақын арада келісілген БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттарының» практикалық жүзеге асыру сұрақтары Форум спикерлері мен қонақтардың ерекше назарында болды.

Ә. Бәйменов Форумның «Келешектің моделін жетілдіру» сессиясының арнайы баяндамашы ретінде қатысты. Қазақстандық өкіл еліміздің мемлекеттік қызметінің басты табыстары мен келешектері және Астана қаласында орналасқан Өңірлік хабтың «Тұрақты мақсаттың дамуы» мәнмәтіндегі мақсаты мен міндеттері туралы баяндап берді.

Ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институционалды реформаларының бірінде «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» туралы толық ақпарат жеткізді.

Ә. Бәйменов Хабтың басты мақсаты туралы, атап айтқанда, Қазақстанда және басқа әріптес-елдерде мемлекеттік қызметтің әлеуетін жоғарлату және оның практикалық әрекеттері туралы ақпарат берді. Оның ішінде алдағы қатарлы мемлекеттік қызметтің практикалық реформаларының әлемдегі үрдісінің талдауы және мониторингінің жүргізілуі, сондай-ақ өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы халықаралық қатынастарды нығайту жүргізулуде.

Ақпарат көзі

 
0
0
298

Қ.Тоқаев: БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым

БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым. Бұл туралы бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өтіп жатқан «БҰҰ және ЮНЕСКО: Жасампаздықтың 70 жылдығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

БҰҰ-ның арқасында Қазақстан егеменді ел мәртебесіне ие болды, бүкіл дүниежүзінде мойындалды. Сондықтан, бүгінгі отырыстың тақырыбы өте орынды және өзекті деп санаймын.

Кезінде белгілі британдық дипломат Уркварт «БҰҰ – ХХ ғасырдағы адамзат баласының ең үздік өнертабысы болып табылады» деп айтқан еді. Мен бұл сөзбен толық келісемін.     БҰҰ – бұл бірегей, баламасы жоқ ұйым.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қалай құрылды, Ұйым Жарғысының мәтіні бойынша қандай таластар мен келіссөздер болды, Кеңес одағы, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің құрамы және оның қағидаттары жөніндегі шешімді қалай қабылдады, тұтастай алғанда, ұйымның атауы қалай пайда болды – міне, осының барлығы өз алдына бөлек айтылатын қызықты дәрістің тақырыбы.

Ал, бүгін мен осы жаһандық ұйымның қазіргі әлемдегі орнына тоқталып өтсем.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі заманның ең өзекті мәселелері бойынша келіссөздер мен пікірталастар жүргізіп, салмақты тұжырымдар ұсынудың әмбебап және теңдессіз алаңы ретінде   бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтау ісіне айрықша үлес қосты.

Мемлекеттердің даму деңгейін  теңестіру Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі міндеті болмаса да, кедейшілік жайлаған, қанды соғыстар мен қақтығыстар жүріп жатқан халі мүшкіл елдер әлемдік ұйымның саяси, экономикалық, техникалық және гуманитарлық көмегіне сенім арта алады. Көптеген дамушы мемлекеттер осындай көмекке мұқтаж.

Ұлыбританияның Халықаралық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес жер шарының ең кедей бөлігі қақтығыстар орын алған мемлекеттерде тұрады. Дүниежүзілік банкінің мәліметтері бойынша кіріс деңгейі төмен, жағдайы тұрақсыз немесе дау-жанжалдарды басынан өткеріп жатқан бірде-бір мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының 2000 жылы адамзаттың стратегиялық міндеті ретінде жариялаған «Мыңжылдық дамудың ешбір мақсатына қол жеткізе алмаған».

Біріккен Ұлттар Ұйымы барша адамзатқа ортақ өзекті мәселелермен айналысады, Ұйымның Жарғысы негізінде оны шешу жолдарын ұсынады. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының бірегейлігі.

Халықаралық құқыққа арқау болған Ұйымның Жарғысында дүниежүзілік ұйымның басты мақсаттары көрсетіледі. Олар - халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, басқыншылық әрекеттерін жою, халықаралық жанжалдарды бейбіт жолмен шешу, халықтардың өзара теңдігі мен өзін өзі билеу қағидаттарын құрметтеу негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, адам құқықтарын және оның негізгі еркіндіктерін қорғау.

Ақпарат көзі

 
0
0
378

2014 жылдан бастап Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 5 мыңнан астам инфрақұрылым нысандары бейімделді

2014 жылдан бастап мүліктік түгендеу нәтижесінде анықталған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімделуі қажет 19,7 мың нысанның 5 мыңнан астамы бейімделді.

Сондай-ақ, 2014 жылдан бері мүгедектерге арналған транспорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқару органдарына ағымдағы мақсаттық трансферттер бөлініп келеді. Аталған қажеттіліктерге арналған 2014-2015 жылдардағы шығын көлемі 1,3 млрд. теңгені құрады.

Аталған қаражаттың есебінен 14,4 мың жол белгілері мен көрсеткіштер, дыбыстық құрылғылары бар 283 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылып, еліміздің аймақтарында 11 «Инватакси» қызметін дамытуға қолдау көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 29 мыңға жуық инфрақұрылым нысандарын мүліктік түгендеуден өткізу қажет.

Бұдан бұрын ағымдағы жылы Қазақстан мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты халықаралық стандарттар имплементациясы бойынша өзіне міндеттемелер алғаны хабарланған болатын.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанда тұратын 627 мың мүгедектер мен олардың отбасыларына конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау мен жүзеге асыруға қосымша кепілдік береді.

 
0
0
230

23.10.2015 жылға сәйкес жария ету баспасөз-релизі

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 573,2 млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 58 937 өтініш түсті.

- сомасы 426,9 млрд. теңгеге 49 272 тұрғын үй объекті;

- сомасы 140,7 млрд. теңгеге 25 246 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 6 018 млрд.теңгеге 101,1 коммерциялық объект;

- сомасы 1,4 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 20 қатысу үлесі;

- сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 286,5 млрд. теңгеге 41 759 объект жария етілді.

 

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 712,0 млн тенге құрайтын 29 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш келіп түсті.

- сомасы 704,6 млн. тг құрайтын 24 тұрғын үй объекті;

- сомасы 3,7 млн. тг құрайтын   2 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын 1 коммерциялық обьекті.

- сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі;

- 670 тг сомасында бағалы қағаздар;

Сомасы 677,5 млн. теңгеге 26 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 22.10.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 80,5 млрд.теңге ақшаны жария етуге  174 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,0 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 30,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 41,8 млрд. теңге.

4. 23.10.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,1 млрд.теңге түсті.

0
0
311