Жаңғыртылатын энергия көздеріне толықтай ауысқан Коста-Рика ЭКСПО-2017–ге қызығушылық танытты
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Коста-Рика Республикасының Сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Санспен кездесті. Ұлттық компания басшысы Коста-Риканың алдағы ЭКСПО-2017-ге қатысуына аса мүдделі екенін білдірді. Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалануға толықтай дерлік ауысқан әлемдегі бірінші мемлекет болып табылатын елдің тәжірибесі Көрме үшін өте бағалы. «Ұлы Британия энергияның 19%-ын жаңғыртылатын көздерден өндіріп шығарады, ал Коста-Рика осы көрсеткішті 90%-ына дейін жеткізді. Бұл шынында бірегей әрі әсерлі нәтиже. Біз Коста-Риканың ЭКСПО-дағы өкілдігіне өте мүдделіміз, мұның үстіне Республикада өмір сүру деңгейі жоғары және экономикасы дамыған», - деді Ахметжан Есімов. Бүгінгі таңда Коста-Рикадағы электр өндірісінің ең көп бөлігі гидроэлектростанциял…
