Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы

Жақында, «Алдаспан»  жас ақындар клубының белді мүшелері Замира Солтанова,  Мереке Амантай, Ахмет Ахмади және Бәкіжан Кәкім Астана қаласында өткен  «Аңсар-2015» республикалық әдеби жыр байқауының салтанатты жабылуына барып қайтты. «Иновациялық даму» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан халқының отбасылық құндылықтары мен салт-жоралары» атты семинарына жас ақындар қатысып, ерекше алғырлық таныта білді. Аталмыш семинардың негізгі мақсаты, ұлттық салт – жораларды дәріптеу және ата-баба ізімен келе жатқан ұрпақтың  тәлім-тәрбиесін қамтамассыздандыру.

Жыл қортындысы бойынша, жас ақындар клубының мүшесі Бәкіжан Кәкімнің өлеңдері «Аңсар-2015» жыр жинағына енді және осы жолы республикалық «Тележурналистика» байқауында клуб мүшесі Замира Солтанова 1- орын иеленді.  Сонымен қатар, клубымыздың  жас ақын қызы, Мереке Амантай «Журналистика мен бұқаралық коммуникацияның өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өз баяндамасымен «Бас жүлдеге» ие болды.

 

Солтанова Замира Жас ақындар клубының мүшесі

0
0
2205

Осы тақырып бойынша

« АҢСАР-2015» республикалық жыр байқауы - Yvision.kz