Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Микронезиямен дипломатиялық қатынастарды орнатты

Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Микронезия Федеративтік Штаттарының тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Джейн Чингиял екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлад СІМ.

Қол қою рәсімі барысында екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Микронезия үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың ішінде – Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, теңізге шығуға жол жоқ елдердің, кіші арал елдерінің мәселелерін шешу және т.б.Тараптар өзара тиімді байланыстарды мәдениет, білім және туризм салалары төңірегіндедамыту маңыздылығын мойындады.

Қазақстан тарапы алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Микронезияның өкілі қатысатынына үміт білдірді. Келе жатқан көрменің энергетика, энерго көздердің тапшылығы проблемасын, әсіресе дамушы елдер үшін шешу мәселелері аясындағы маңыздылығын атап өтті. Микронезияның басқа Орта Азия мемлекеттерімен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту бойынша Қазақстан жағынан қолғабыс алуға мүдделі екендігін танытты.

Микронезия – тынық мұхиттық мемлекет, халқы 130 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл егеменді және демократиялық республика. Аграрлық өндіріс пен балық өнімдері, сондай-ақ фосфатты өндіру экономиканың басты секторларын құрайды. Мемлекет импортына тәуелді болып келеді, импорт экспорттан көп есе артық.

АҚШ және Жапония елдерімен тығыз қарым-қатынастарды қолдауда. Осы елдер Микоронезияның дамып келген экономикасына елеулі қаржы жәрдемін көрсетуде.

1991 жылдан бастап БҰҰ-ның мүшесі. Африка, Кариб теңізі мен Тынық мұхиттың 79 мемлекетінің халықаралық ұйымы АКТ елдері қатарына кіреді.

http://gbpp.org/kz/2015/11/10916

 
1
0
418

Астанада экологиялық таза пакеттер өндірісі ашылды

Экологияға залал келтірмейтін қапшықтар.

Астанада табиғатты ластамайтын өнім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды. Мирас Аббасов – 10 жылдың ішінде бизнестің түр-түрімен айналысып көрген кәсіпкер. Жақында ол Қытайға да барып келді. Көрші елде экологияға ерекше ден қойылғанын байқаған азамат осы саланы өзімізде де тиімді пайдаланып, бизнес бастауды жөн көрді. Осылайша Мирас Астанада цех ашып, ең көп дегені 250 күнде шіріп, топыраққа толығымен сіңіп кететін пакет шығаруға кірісті. Бұл өнімнің құрамында бірде-бір химиялық қоспа жоқ, керісінше, тек сүт қышқылы, целлюлоза мен крахмал бар. Тиімділігі де осында.

Мирас Аббасов, жеке кәсіпкер:

- Бүкіл әлем «жасыл» технологияларға ауысып жатыр. Ал біз болсақ, әлі күнге дейін полиэтилен пакеттерін қолданып жатырмыз. Олар 100 жылға дейін шірімей, сол қалпы жатады. Салдарынан экологиямыз үлкен зардап шегіп отыр. Қаншама жануар сол пакеттер ішіне кеткеннен кейін қырылып жатыр. Сондай-ақ, бұл қаптардың ішінде тамақты сақтау ыңғайлы. Өйткені мұның ішінде азық-түліктер бұзылмайды. Біз болашақ ұрпақтарымыз үшін табиғатымызды таза күйінде сақтап қалуымыз керек.

Құрылғы минутына 100 экологиялық таза пакет шығарады. Бір күн ішінде отандық кәсіпкер шамамен 7 мың осындай қап шығаруға қауқарлы. Қазір Астана қаласы тұрғындарының қажеттілігі 30 млн пакетті құраса, бұл өндіріс орны халықтың 6/1 бөлігін өз өнімімен қамтымақ. Айта кетсек, Мирас Аббасов бұл кәсіпорынды аяққа тұрғызу үшін мемлекеттен көмек сұраған емес.

Мирас Аббасов, жеке кәсіпкер:

- Біздің мемлекетте бизнеспен айналысуға барлық жағдай жасалған. Тек қоғамға пайда тигізетін жоба тауып, соны дамытамын деген мақсат қою керек. Мемлекетке алақан жайып, қашан көмектеседі деп күтіп отырудың еш қажеті жоқ. Ел экономикасын дамытатын адамдар ол біз – кәсіпкерлер.

Бұл пакеттер әлі дүкен сөрелеріне шыққан жоқ. Кәсіп иесі бірқатар сауда орталықтарымен келіссөз жүргізуде. Әзірге экологиялық таза қапты сатып алуға ниетті дүкен саны аз. Бар гәп өнім құнында жатыр. Бір пакеттің бағасы көлеміне байланысты 8-бен 17 теңге аралығында. Алайда кәсіпкер келешекте тауардың қымбаттылығы емес, қоршаған ортаның тазалығы үстем болатынына кәміл сенеді.

http://gbpp.org/kz/2015/11/10913

 
1
0
940

EXPO халықаралық көрмесі елорданың инновациялық дамуына серпін береді

«Республиканың астанасы – Астана EXPO көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш қала», – деді «Астана EXPO-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов VI Инвестициялық форум барысында.

Астана «жасыл» энергетика саласында өзекті мәселелерді талқылаудың әлемдік алаңына айналады.

А.Есімов атап өткендей, EXPO-2017 – тек халықаралық көрме ғана емес, сонымен қатар елдің әр түрлі саласына инвестиция тартатын ірі инвестициялық алаң. Бұдан бөлек ІТ-технология, сәулет және құрылыс саласын дамытуға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын көтеру және туристерді тартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде EXPO құрылыс алаңында 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда көрмеге 49 ел өзінің қатысуын растады. Шамамен 100 ел қатысады деп жоспарлануда. Бұл кең көлемді шара қаланың әлемдік аренадағы орнын жақсартып, оның инвестициялық тартымдылығын арттырып, елорданың технологиялық дамығандығын паш етеді. Көрме республиканың инновациялық дамуына серпін береді.

http://gbpp.org/kz/2015/11/10922

 
1
0
387

Қазақстан жапондық компаниялардың «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсенді қатысуын құптайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан жапондық компаниялардың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде белсенді қатысуын құптайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен келіссөздерден кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстан жапондық компаниялардың Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін белсенді қатысуын құптайды. Біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды, достықты нығайтуда, екі ел халықтарының өзара сыйластығы тұрғысында өзара іс-қимылды кеңейту ортақ мақсатымыз болып табылатындығы жөнінде келістік»,- деді ҚР Президенті.

Елбасы бүгінде Жапония мемлекетаралық өзара іс-қимылдың сәйкес сәулетін қалыптастыру үдерісінде, оның ішінде Орталық Азияда ең негізгі қатысушылардың бірі екенін атап өтті.

«Осыған байланысты біз халықаралық және өңірлік

http://gbpp.org/kz/2015/11/10928

1
0
236

Қазақстан азаматының Біріккен араб әмірліктерінен экстрадицияланғаны туралы БАҚ үшін ақпарат

Бүгін Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен Сыртқы істер министрлігінің қолдауы негізінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің іздеудеуінде болған 25 жасар Қазақстан азаматы Арби Асаев Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.

Асаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-azamatynyn-birikken-arab-mirlikterinen-ekstradiciyalangany-turaly-bak

 
0
0
340

Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды – әкімдік

Павлодар облысында жыл басынан бері 818,6 млн теңгеге 7 дәрігерлік амбулатория салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс денсаулық сақтау бюджеті 35,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде кепілді тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге 33,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға артық (31,9 млрд.теңге).

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер және 5953 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Павлодар облысына 2015 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 74 түлек келді, олар облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына, соның ішінде 11-і ауылдық жерге жұмысқа орналастырылды.

2015 жылғы 1 қазанға дәрігерлік кадрлар бойынша жетіспеушілік 15 бірлікті құрайды. (Павлодар қаласында – 6 дәрігер, Екібастұз қаласында -2, Ақсу қаласында – 1, аудандарда – 6 ).

2015 жылдың 9 айы ішінде 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы индикаторлар оң өзгерістерге жетті: жалпы өлім-жітім көрсеткіші 0,3%-ға ,1000 тұрғынға шаққанда 10,5-ке дейін, миокардтың жіті инфарктісінен өлім-жітім 13,8 %-ға, 100 мың тұрғынға шаққанда 21,7-ден 18,7- ге дейін, сәби өлімі 27%-ға, 1000 тірі туған сәбиге шаққанда 8,9-дан 6,5-ке дейін, түберкүлез өлімінен 8%-ға 100 мың тұрғынға 5,17 -ден 4,76-ға дейін, көлік апаты жағдайынан 18,4%, 100 мың тұрғынға 16,3-тен 13,3-ке дейін төмендеді.

Облыста соңғы 2 жыл ішінде онкологиялық аурулар деңгейі жоғары болып қалуда. Бұл көрсеткіш: 2013 жылы 301,9 - 100 мың тұрғынға, 2014 жылы – 303,6 - 100 мың тұрғынға, 2015 жылы – 9 айында 219,6 - 100 мың тұрғынға.

Ауру көрсеткішінің жоғарылығы, ең алдымен жаңадан қатерлі ісіктің 6 негізі скринингтік бағдарламаларды енгізуімен байланысты. Осының нәтижесінде ерте анықталған аурулар саны артуда: 2013 жылы – 58,8%, 2014 жылы – 59,1%.

«350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пунктер және емханалар құрылысы» бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы жалпы сомасы 818,6 млн. теңгені құрайтын 7 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды, соның ішінде 355,4 млн. теңге сомасына 3 амбулатория жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

Облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусының құрылысы аяқталды, жалпы сомасы 355,4 млн. теңге. Корпусты 2015 жылғы қараша айында ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шаралары аясында 25 диализді орынға нефрологиялық орталық салынды. Жалпы инвестиция көлемі 330 млн. теңгеден астам қаражатты құрайды. Қазіргі таңда нысан ашылуға дайындық үстінде.

Ақпарат көзі

 

0
0
300

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының бірінші жұмыс отырысы болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kr-kauipsizdik-kenesinin-ekologiyalyk-kauipsizdik-mseleleri-zhonindegi

0
0
469

Футбол комментаторының қойын дәптерінен

Футбол комментаторы болу қиын. Өйткені, бұл миллиондардың ойыны. Футбол туралы қарапайым халық ақпаратқа өте бай. Тіпті, комментаторлардың өзін жаңылыстыратын, статистика соққанда алдына жан салмайтын жанкүйерлер болады. Сондықтан, әрбір матчқа ерекше дайындықпен шыққан дұрыс.


 
0
0
465

50 теңгенің ерекшелігі неде?

Күнделікті қолданыста жүрген ақшаның неден және қалай жасалатынын білесіз бе? Оның құрамы, сақтау мерзімі, жасалу технологиясын ше? El.kz порталы Ұлттық валюта күніне орай, өз оқырмандарына ақшаның жасалу жолы туралы қызықты ақпарат топтамасын ұсынады.


0
0
715

Биылғы жартыжылдықта «Даму» қоры бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд теңгенің несиесімен қаржыландырылды

2015 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Даму» қорының бағдарламалары бойынша 1 583 қарыз алушы 103,5 млрд.теңге көлеміндегі несиемен қаржыландырылды, деп хабарлады «Даму» қоры.

«Даму» Қоры ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен директорлар Кеңесінің кезекті отырысында 2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысын шығарды. Қаржылық бағдарламалар бойынша «Даму» Қорының банктік несиелердің жалпы көлеміндегі қаражат үлесі 2014-2015ж.ж. (ҚР Ұлттық Банкі мен Қор мәліметі бойынша):экономиканың басым секторларында – 12%, өңдеу өнеркәсібінде – 25% құрайды.

«Бірінші несие бюросы» ЖШС мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктердегі қарыз берушілер құрылымындағы «Даму» Қоры клиенттерінің үлесі 26% құрайды.

Лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктерге қаражатты шартты орналастыру бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 1 583 қарыз алушы жалпы сомасы 103,5 млрд.теңге көлеміндегі несиемен қаржыландырылды.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша несиенің жалпы сомасы 59,1 млрд.теңге болатын 661 субсидиялау шартына қол қойылды.

Несиелерге кепілдік беру құралы бойынша несиенің жалпы сомасы 10,9 млрд.теңге болатын 331 кепілдендіру шартына қол қойылды.

50 млрд.теңге көлеміндегі ҚР Ұлттық Қорының 2-ші траншы аясында несиелердің жалпы сомасы 41,1 млрд.теңге болатын 232 жоба қаржыландырылды. Оның 21,1 млрд.теңгесі инвестицияға және 20 млрд.теңгесі айналым қаражатын толықтыруға бағытталды. Азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 14 млрд.теңге бағытталды.

50 млрд.теңге көлеміндегі ҚР Ұлттық Қорының 3 траншы аясында несиелердің жалпы сомасы 16,9 млрд.теңге болатын 129 жоба қаржыландырылды. Оның 9,7 млрд.теңгесі инвестицияға, 4,6 млрд.теңге айналым қаражатын толықтыруға және 2,6 млрд.теңге несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталды. Азық-түлік өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыруға 4,9 млрд.теңге бағытталды.

Қаражатты шартты орналастыру, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру бағдарламалары аясында жалпы сомасы 341,2 млрд.теңге болатын 7 659 әйел-кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылды. Қаржылық бағдарламалар бойынша Қордың несие алушылары құрылымындағы әйел-кәсіпкерлердің орташа үлесі 35% құрайды.

Жалпы сомасы 117,7 млрд.теңге көлеміндегі жас кәсіпкерлердің 1 262 жобасын жүзеге асыру үшін несие берілді.

«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек-кәсіпкерлерден демеушілік көмек алуға 1 860 өтінім түсті. Қазіргі кезде 1 393 өтінім бойынша– оның ішінде тігін жабдығы, компьютерлер мен оргтехника, етікші шеберханасына арналған құрал-саймандар, жиһаз өндірісі және т.б. көмек көрсетілді.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ қолдау бағдарламасының қатысушылары тарапынан 7,2 млрд.теңге сомасында салықтар төленді. Салалық құрылымда ең көп салық сомасы құрылыс өнімдері өндірісі (1,9 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 27%) мен ауыр өнеркәсіп (1,8 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 25%) салаларында әрекет етушілерден түсті.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасына қатысушылардан 46,2 млрд.теңге сомасында салықтар төленді. Басым салалар тұрғысында салықтың көп бөлігі өңдеу өнеркәсібі (24,9 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 53,8%) және көлік пен қоймалау (9,8 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы сомасынан 39,5%) салаларында әрекет етушілерден түсті.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (КҚКО) 41,2 мың клиентке қызмет көрсетіліп, 67,8 мың адамға кеңестер берілді.

Меншікті капиталы – 84,6 млрд.теңгені құрады.2015 жылдың 1 жартыжылдығындағы таза табыс 2,67 млрд. теңге (2014ж. 1 жартыжылдығында 1,56 млрд.теңге) құрады.

Ақпарат көзі

 

0
0
348