Мазмұнға өту

Жаңа

ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерінің тізбесі артты

ХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметті көрсетуді бастады, деп хабарлады «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі.

Бұған дейін ХҚКО-лар аталған ведомствоның  17 қызметін ұсынған болатын. Енді қызметтер тізбесі кеңейтілді және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ХҚКО-ға берген қызметтер саны  25-ке келіп жетті.

Атап айтсақ, енді ХҚКО-ларға салық төлеушілерді тіркеу, салық төлеушіні тіркеу есебіне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттігін растау және т.б. үшін жүгінуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтерді Қазақастан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Енді оларды мемлекеттік органдар және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетеді. Қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ға дүйсенбіден бастап сенбіні қоса, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жүгінуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердің басым бөлігі толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкімет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетінше алуға болады. «Бұл үшін электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткілікті. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлікке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседі», - деп атап өтті ол.

Балташева қазіргі уақытта көрсетілетін қызметтердің стандарттары келісу үстінде екендігін айтып өтті. Олар бекітілісімен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негіздерде көрсетілетін болады.

Анықтама ретінде, Бүгінгі күні Қазақстанда 212 мемлекеттік қызметті көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның ішінде 22 миллион қызмет – электрондық нысанда көрсетілді.

Ақпарат көзі

 

0
0
237

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асырудың тірегі – Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Әкімшілік полиция қызметкерлері арқылы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға әкімшілік полициясының басқарма басшылары, бөлім жетекшілері және жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин кеңеске қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс екенін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың ұстанымында болуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитетсіз азаматтар арасында қалаған нәтижеге қол жекізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетіміз бен бүкіл халықтың, соның ішінде құқық қорғау органдарының да беделі төмендейді. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Әкімшілік полиция қызметкерлері (учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмаған істері жөніндегі инспекторлары, жол-патрульдік полиция қызмекерлері) халықпен біте жұмыс істеп жатқандықтан, оларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын насихаттау керектігі түсіндірілді. Кеңес барысында Алматы қаласында орналасқан көлік рәсімдеу ХҚКО проблемалары мен оның шешу жолдары аталды.

Әкімшілік полиция бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов басқарманың сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту мен жоюға байланысты атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
725

Алматы қаласы Медеу ауданы сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде алдын алу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай департамент) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Елбасының 5 институционалды реформасын орындау – мемлекет келешегінің кепілі» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Медеу ауданы әкімінің аппараты, мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» партиясының филиалы, Алматы қаласы мәслихат депутаттары мен мемлекеттік емес ұйымдар мүшелері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде сөйлеген сөзіндегі мемлекеттігімізді бекіте түсетін 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – тек қана құқық бұзушылық емес, ол – тиімділікке деген сенімге селкеу түсіре отырып, ұлттық қауіпсіздікке төнетін бірыңғай қатер», сондықтан, мемлекетіміз бұдан былай қарай да мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын тек қана жеке басы пайдасының қажетіне жарату үшін жағдай туғызатын барлық әрекеттерді болдырмайтындай етіп іс-шаралар атқара беретінін ескертті.

Медеу ауданының әкімі Султанбек Макежанов өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында 2014 және 2015 жылдарда атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне динамика ретінде таныстырып өтті.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Азимхан Сейтжан, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының, студенттердің қатысуымен қоғамдық бақылау форматында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жаднамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.

0
0
423

Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдісі үшін

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қорында  Алматы қаласының жоғары оқу орындардың оқытушылар және жастар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Сонымен қатар, Мақсатхан Анапин жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.

Іс-шара барысында Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономика университетінің (әрі қарай - Университет) қауіпсіздік және заңдық мәселелері бойынша департаментінің директоры Козлов Валерий Витальевич университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танынстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта университетте базалық, стратегиялық және ұзақ мерзімді құжаттар бекітіліп, осы жылы іске асырылатын университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жоспары қабылданып, университеттің этикалық кодексі қабылданып, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылды.

Бұдан басқа, оқытушылар мен студенттерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар жөнінде біліктілігін тексеру мақсатында тесттерді еңгізіп, студенттердің оқытушыларға пара беру фактілері анықталған кезінде, факультет деканы және қауіпсіздік департаментінің директоры студенттердің алдында ашық түрде университет әкімшілігінің азаматтық және кәсіптік позициясын білдіруін ұсынды.

Алматы қаласы экономика және статистика академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Божбанбаев Бауыржан Муратбекұлы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия» тақырыбына орай ЖОО студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция және олимпиада өткізуін ұсынды.

«University of international business» университетінің жастармен жұмыс жасау департаментінің директоры Мендыгалиев Кайыржан Ермекұлы, барлық жоғары оқу орындардан жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған оқытушылардан тұратын дерекқорды еңгізуін ұсынды.

Сондай-ақ, «University of international business» университетінің жастармен жұмыс жасау департаментінің директоры Мендыгалиев Кайыржан Ермекұлы, жастар үкіметтік емес ұйымның басшысы Нұғман Алмасбек Нукербанұлы, «Шарапат» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің басшысы Манабаева Раушан Темірбекқызы, «Жас Отан» заңды тұлғалар бірлестігі филиалының жауапты хатшысы Арман Халбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының бағдаржолын жетілдіру бойынша ұсыныстар еңгізді.

Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

   

0
0
481

Аула клубтары жемқорлықсыз болашақ үшін

Алматы қаласының жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Алматы қаласының аула клубтары: «Балалар – жемқорлыққа қарсы» ұранымен 300 баланың қатысуымен қаланың орталық саябағында флеш-моб өткізіп, «Сыбайлас жемқорлық –

қасірет! Сыбайлас жемқорлық – індет! Біз жемқорлыққа қарсымыз!» – деп, барша бала қосылып, саябақта бір дауыстан өз ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ, флеш-моб өткізу барысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің еріктілері саябақтағы демалушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 500 дана жадынама таратты. Саябаққа келушілер еріктілерді зейін қойя тыңдап, жадынамалардың тақырыбымен таныса келе, осы арнайы бағытағы іс-шаралардың маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

0
0
427

ЕЭК алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама құру туралы ереженің жобасын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық технологиялық тұғырнама (ЕТТ) құрып, іске қосу және ЕТТ құру жөніндегі бағыттар тізімі туралы ереженің жобасын мақұлдады.

Ереже Еуразиялық технологиялық тұғырнаманың мақсат-міндеттерін, қызмет бағыттарын анықтайды.

Тізімге медицина және биотехнология, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, фотоника, әуе-ғарыш технологиялары, ядролық және радиациялық технологиялар, энергетика, көлік технологиялары, металлургия технологиялары және жаңа материалдар, табиғи ресурстарды өндіру және мұнай-газ өңдеу, электроника және машина жасау технологиялары, экологиялық даму, өнеркәсіптік технологиялар, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсбі секілді бағыттар кіреді.

Еуразиялық технологиялық тұғырнама инновациялық инфрақұрылымдардың өзегі болып табылады және перспективалық коммерциялық технологиялар құруға, бизнес, ғылым, мемлекет, қоғамдық ұйымдардың қатысуы негізінде жоғары технологиялық, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдер алуға мүмкіндік береді.

ЕЭК алқасы отырысында сондай-ақ Одақ аясында өнеркәсптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын (ӨЫНБ) іске асыру жөніндегі актілерді әзірлеу жоспарының жобасы мақұлданды. Жоспар ӨЫНБ-ны іс жүзінде жүзеге асыру үшін құқықтық база құру мақсатында дайындалды.

Айта кетейік, технологиялық платформалар жеке-мемлекеттік серіктестік механизмі және инновациялық технологиялар, өнімдер және қызметтерді шығаруға, сонымен бірге, зерттеулерді жүргізу үшін қорларды ынталандыру және мүдделілік танытатын барлық тараптар (ғылыми және бизнес-қоғамдастықтар, мемлекеттер, азаматтық қоғам) қатысуы негізінде қалыптасады.

Еуразиялық экономикалық комиссиямен жаңа жоғары технологиялық өндірісін игеру үшін 7 сынамалық еуразия технологиялық тұғырлары («Суперкомпьютерлер», «Болашақтың медицинасы», «Жарық диодтары», «Фотоника», «Жеңіл өнеркәсіп», «АӨК тамақ және өндеуші өнеркәсіп технологиясы» және «Биоэнергетика») қалыптасты.

Ақпарат көзі

 

0
0
310

«Құқұқтық тәртіптің негізін қалауға — 100 қадам»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Құқұқтық тәртіптің негізін қалауға - 100 қадам» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Түрксіб ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері мен жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов  «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына, осы құжатта қаралған құқық қорғау органдарына қатысты көрсетілген мәселелерге тоқталып өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік тәртіпті нығайту барысын қадағалайтын Тәртіптік Кеңестің атқаратын жұмыстарын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу басқармасының жедел бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Бауыржан Дүйсембаев сыбайлас жемқорлыққа байланысты заңнамаларды сақтамаудың салдарынан туындайтын қиындықтар жайында және 2015 жылдың 5 айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа байланысты ұсталған нақты мысалдар келтірді.

Түрксіб ауданы ІІБ бастығының орынбасары Дархан Ахметов аудандық ішкі-істер басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
264

Қызметтер алушылардың құқықтық мәдениетін артыруға қоғам және мемлекет атсалысады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамдық институттарымен ынтымақтастық және әлеуметтік бақылау аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» қоғамдық ұйымы бірлесіп,  Алматы қаласы бойынша  арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында  профилактикалық іс-шара өткізді. Қызметтер алушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Пара берудің»  қылмыстық жауапкершілікке алып келіп соғатындығы және параға делдал болудың да заңмен қудаланатыны туралы көрсетілген жадынамалар таратылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарының сапасын жақсарту    барысында Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтер алушылардың арасында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамада  арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын бағалап, кемшілік тұстарын көрсету ұсынылды. Тұрғындар  сауалнамадағы сұрақтарға байланысты тиісті бағаларын беріп, жұмыстың кемшілік тұстарын көрсете келе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын артыруға  өздерінің  ұсыныстарын жеткізді.

Елбасының  тапсырмасымен салынған арнайы халыққа қызмет көрсету  орталығында  қала тұрғындарына  күніне мыңнан аса мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Ғимараттың әр қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «сенім телефоны» көрсетілген баннерлер орналыстырылған.

Өткізілген іс-шара ақпарат құралдарында жарияланды.

 

0
0
367

Алматыдағы жаңа аудан – полицияға жаңа міндет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Алматыдағы жаңа аудан – полицияға жаңа міндет» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға жаңадан құрылған Наурызбай ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілі қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов құқық қорғау органдарының негізгі жұмысы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алуға ауысатынын, құқық қорғау органдарының кадр саясатына конкурстық  іріктеудің тетіктерін және меритократия қағидаттарын енгізу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында кешенді шаралар көзделгенін атап өтті.

Наурызбай ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Беисов 2015 жылдың 5 айында ішкі-істер саласы қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты әшкереленген құқық бұзушылық пен қылмыстар жайында жеткізді.

Кеңеске қатысқан Наурызбай аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесі төрағасы запастағы полиция полковнигі, бұрынғы кадр басқармасының қызметкері Б.Жаңабаев меритократия қағидасы бойынша қызметке тағайындаудың принциптері жайында айтып берді.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

   
0
0
535

2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады — Жайымбетов

2016 жылы 12 проблемалық нысанның құрылысы аяқталады . Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы алаңы 667,3 мың шаршы метр жалға берілетін 11 689 пәтер салуға және сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде 426,7 мың шаршы метр (7228 пәтер) 2015 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде 322 мың шаршы метр баспаны салынып, сатылды», - деп баяндады М.Жайымбетов.

Ал 2016 жылы 240,6 мың шаршы метр (4461 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың 11 айында елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

«Отандық құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімдерінің 80%-ы пайдаланылды, 7000-нан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бұдан басқа, үлескерлер қатысатын тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде 2 нысанның құрылысы аяқталды. 1174 үлескер ақша салған 12 проблемалық объекті бақылауда болады. Оларды 2016 жылы салып бітіру жоспарланған», - дейді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

"Республикалық бюджет және Ұлттық қордың қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерге тоқталсам, кезект тұрған азаматтар үшін жалға берілетін баспана салуға биылғы жылы әкімдіктерге 9,8 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді. 2015 жылдың 11 айында 86 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынды", - деп хабарлады М.Жайымбетов.

Жалпы, кезекте тұрған 1,2 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайые жақсартқан. Комитет төрағасы жеткізгендей, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына биыл 4,7 млрд. теңге бөлініпті.

"Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы зор қарқынмен жүргізіліп жатыр. Есепті кезең ішінде 57,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Осылайша бір мыңнан астам жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді", - дейді М.Жайымбетов

Ақпарат көзі

 

0
0
348