Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызметтер алушылардың құқықтық мәдениетін артыруға қоғам және мемлекет атсалысады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғамдық институттарымен ынтымақтастық және әлеуметтік бақылау аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» қоғамдық ұйымы бірлесіп,  Алматы қаласы бойынша  арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында  профилактикалық іс-шара өткізді. Қызметтер алушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Пара берудің»  қылмыстық жауапкершілікке алып келіп соғатындығы және параға делдал болудың да заңмен қудаланатыны туралы көрсетілген жадынамалар таратылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жұмыстарының сапасын жақсарту    барысында Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтер алушылардың арасында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамада  арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын бағалап, кемшілік тұстарын көрсету ұсынылды. Тұрғындар  сауалнамадағы сұрақтарға байланысты тиісті бағаларын беріп, жұмыстың кемшілік тұстарын көрсете келе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын артыруға  өздерінің  ұсыныстарын жеткізді.

Елбасының  тапсырмасымен салынған арнайы халыққа қызмет көрсету  орталығында  қала тұрғындарына  күніне мыңнан аса мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Ғимараттың әр қабатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «сенім телефоны» көрсетілген баннерлер орналыстырылған.

Өткізілген іс-шара ақпарат құралдарында жарияланды.

 

0
0
316

Осы тақырып бойынша

Қызметтер алушылардың құқықтық мәдениетін артыруға қоғам және мемлекет атсалысады - Yvision.kz