Аула клубтары жемқорлықсыз болашақ үшін
Алматы қаласының жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және Алматы қаласының аула клубтары: «Балалар – жемқорлыққа қарсы» ұранымен 300 баланың қатысуымен қаланың орталық саябағында флеш-моб өткізіп, «Сыбайлас жемқорлық –
қасірет! Сыбайлас жемқорлық – індет! Біз жемқорлыққа қарсымыз!» – деп, барша бала қосылып, саябақта бір дауыстан өз ниеттерін білдірді.
Сондай-ақ, флеш-моб өткізу барысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің еріктілері саябақтағы демалушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 500 дана жадынама таратты. Саябаққа келушілер еріктілерді зейін қойя тыңдап, жадынамалардың тақырыбымен таныса келе, осы арнайы бағытағы іс-шаралардың маңыздылығы зор екендігін атап өтті.

