Кезекші тәулік ішінде қызылордалық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлықтардың алдын алды
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы Жедел басқару орталығының полиция қызметкері 2015 жылдың 08 желтоқсанында сағат 03.24 шамасында Теміржол вокзалында орналасқан бейнекамера арқылы аумақты шолу барысында коммерциялық дүңгіршектің құлпын белгісіз азамат бұзып, ұрлық сипатындағы іс-әрекеттер жасауға әрекеттеніп жатырғандығын байқайды. Оқиға орнына жедел түрде жол-патрульдік полиция жасағы жіберіліп, нәтижесінде «ізін суытпай» 40 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Дәл осындай дерек кеше, яғни ағымдағы жылдың 09 желтоқсанында таңғы сағат 03.29 шамасында орын алған. Бегім ана көшесінде орналасқан бейнекамера көмегімен аумақт…