Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асырудың тірегі – Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Әкімшілік полиция қызметкерлері арқылы азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға әкімшілік полициясының басқарма басшылары, бөлім жетекшілері және жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин кеңеске қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны және Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVI съезінде айтылған мемлекетімізді дамытып нығайтуға арналған 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс екенін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың ұстанымында болуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитетсіз азаматтар арасында қалаған нәтижеге қол жекізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның ісі екенін түсінуі керек. Сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекетіміз бен бүкіл халықтың, соның ішінде құқық қорғау органдарының да беделі төмендейді. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Әкімшілік полиция қызметкерлері (учаскелік инспекторлар, кәмелеттік жасқа толмаған істері жөніндегі инспекторлары, жол-патрульдік полиция қызмекерлері) халықпен біте жұмыс істеп жатқандықтан, оларға мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын насихаттау керектігі түсіндірілді. Кеңес барысында Алматы қаласында орналасқан көлік рәсімдеу ХҚКО проблемалары мен оның шешу жолдары аталды.

Әкімшілік полиция бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов басқарманың сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту мен жоюға байланысты атқарып жатқан іс-шараларына тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

 
0
0
676

Осы тақырып бойынша

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асырудың тірегі – Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы - Yvision.kz