Мазмұнға өту

Жаңа

«Таңшолпанның» тілшісі Саян Есжан «Серпер» сыйлығын иеленді

«Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі.

Алматыда Қазақстан өнері мен мәдениетіне  қызмет етіп жүрген жас таланттарға «Серпер» жастар сыйлығытабысталды.

Биыл сыйлық Қазақстан Жастар одағы арнайы комиссиясының шешімімен әдебиет, журналистика, театр, эстрада салалары бойынша барлығы 16 жасқа берілді.

«Таңшолпан» бағдарламасының редакторы, ақын Саян Есжан жастар сыйлығына «Жыр жинақ» аталымыбойынша ие болды.

Айта кетейік, «Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі.

0
0
707

Сағат Заханқызы: Шеттегі қандастарымыздың қара шаңыраққа оралуы — Тәуелсіздік тарихының бір бөлшегі

Қоғам қайраткері, жазушы Сағат Заханқызы - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Жақында қаламгердің «Ұлы көш: аңыз бен ақиқат» атты кітабы жарық көрді.

«Еліміз егемендігін алған сәттен бастап шеттегі қандастарымыз қара шаңыраққа жинала бастады. Оның да тарихы бар. Бұл - егемендігіміздің тарихының бір бөлшегі. Елбасымыз оған «Ұлы көш» деп баға берді.

Осы ұлы іске араласып, Моңғолиядан алғашқы келген көшке жол ашып, Қазақ пен Моңғол үкіметтерінің арасындғы келісімшарттарға қатыстым. Қолымдағы жиналып қалған құжаттар тарихшыларға көмек болсын деген мақсатпен осы жинақты шығардым. Бұл -  «Ұрпақтар тоғысы» атты кітабымның жалғасы», дейді жазушы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
276

Дина Мұхамедхан: Әкеміз ұлы Абайдың ұшан-теңіз мұрасы үшін күресе білді

Белгілі ғалым Қайым Мұхамедханов ғылыми жолының алғашқы күнінен бастап, Абай және оның ізбасарлары туралы деректер жинауды қолға алған. 1951 жылы «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбында қорғаған диссертациясы мен «Абай шығармаларының текстологиясы» сияқты көптеген еңбектері ақын мұрасын зерттеуге қосылған сүбелі дүниелер еді. Алайда, ғалым кеңестік дәуірде ғылыми көзқарасы үшін қуғынға ұшырап, өмірінің біраз бөлігін Карлагта өткізеді. «Сол кезде Абайдың шәкірттерін байлардың ұрпағы, әкемізді буржуазиялық ұлтшыл деп айыптады. Алаш мұрасымен сусындап өскен ғалым сонда да Абай мұраларынан бас тартпады. Абай үшін, оның ұшан-теңіз мұрасы үшін күресе білді. Бұл оның рухының асқақтығы мен батылдығы еді», дейді ғалымның қызы Дина Мұхамедхан. Абайдың Қара сөздерінің түпнұсқасын бүгінге жеткізген де…

0
0
655

Актер болу үшін қандай сынақтардан өту керек?

Актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Жақында ғана елордаға қоныс аударған белгілі каскадер, профессор Жалынбек Ақанның әр сабағы дене қыздырудан басталады. Содан кейін барып күрделі іс-әрекеттерге кіріседі. Кесе ішіндегі суды төгіп алмай билеу - емтихандағы негізгі жаттығулардың бірі. «Сахнада көптеген қимылдар бар. Ең бастысы, сақтық шараларын білу керек. Сақтық шараларын қолдана отырып, қимыл-әрекет жасау - шеберліктің шыңы саналады», дейді ол. Мысалы, тарихи қойылымдардағы найза, қылыш, қанжар сынды қарулар сахнада да шынайы болады. Оларды көтере жүріп әрдайым қозғалыста болу кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондай-ақ, актерлардың негізгі «төлқұжаты» - олардың қойылған дауысы. Сахна шеберлерінің тілі таза болуы үшін бірнеше физикалық жаттығулар бар. Толығырақ «Таңшо…

0
0
537

Надежда Ногай Дохада өткен «Катар кубогі» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Надежда Ногай 7-8 желтоқсан аралығында Дохада өткен 3-ші халықаралық «Катар кубогі» жарысында бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш додада еліміздің спортшысы 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ең мықты деп танылды.

Жұлқа көтеруде спортшымыз 125 келі бағындырып жеңімпаз атанса, Серпе көтеруде 152 келіні көтеріп, үшінші орынға табан тіреді. Қоссайыста Надежда 277 келіні бағындырды.

Екінші орынға египеттік спортшы тұрақтаса, үздік үштікті Таиланд спортшысы қорытындылады.

0
0
195

Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды

Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы маусымын аяқтады.

«Астана» футбол клубы бүгін Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдегі соңғы турында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың 62 минутында «Астаналық» футболшы Твумаси гол салса, араға 2 минут салып «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді.

Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа Лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.

0
0
465

Ірімшікті қалай таңдау керек?

Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарынан біле аласыздар.

Сүт өнімдерінің ішінде ірімшік таңдауға келгенде көбіміз қиналамыз. Түрі көп, ал, сапалысы қайсы?

Көлігіңіздің артқы шамдары істен шықты ма? Көлік жөндейтін орталыққа жүгінбес бұрын не істеуге болады? Бұл тығырықтан шығудың оңтайлы шешімі қандай?

Отандық дизайнерлер ұсынған сәнді әшекейлерді жасап үйренгіңіз келе ме? Бүгін 13:00-де Ұлттық арнадан «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

0
0
415

Бек Оралбеков: Ән жазу үшін орындаушының талғамын білуің керек

Композитор, әнші Бек Оралбеков - «Таңшолпанда» қонақта.

«Төртінші сыныптан бастап А.Жұбанов атындағы музыкалық мектеп интернатының композиция класында оқыдым.

Ән жазу үшін әншінің тембрін, талғамын білуің керек. Соңғы екі жылда ән қоржыныма өзім жазған бес әнді қостым», дейді әнші.

«2000 жылғы «Жас қанат» байқауына Бейбіт Қорған менің «Кім ол» атты әніммен шықты. 2001 жылы «Азия дауысының» «Қазақстан әндері» фестивалінде «Маған арман» әнін орындады. Осы әндерді әншінің бағын жаққан әндер деп айта алар едім».

Өнер иесі алдағы уақытта тыңдармандарына  Абдрахман Асылбектің сөзіне жазылған «Жаным-ау, әнім-ау» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.

Толығырақ  «Таңшолпанда».

0
0
437

«Келбетте» — Әбіш Кекілбаев

Жазушының бала күнгі арманы қандай болды? Бүгін 17:00-де Ұлттық арнадан көріңіз. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы туралы кезінде Тұманбай Молдағалиев: «Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсовжұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз»,-деген екен. Ал, Шерхан Мұртаза: «Тәңiр мен туған ана Әбiшке келiстi келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдiң байқауынша, кiсi келбетi - бұл ад…

0
0
837

Өтпелі кезеңде ана мен баланың қарым-қатынасы қандай болуы керек?

Ата-ана баласының жас деңгейін ескере сөйлессе, қиындықтарға тап болмайды. Адам бойында әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктер жиі байқалады. Әсіресе, жасөспірім шақтағы өтпелі кезең. Бұл уақытта баланың бойында физиологиялық өзгерістермен қоса, күрделі психологиялық кезең туады. Мәселен, осыған дейін сезілмеген қылықтар қылаң береді. Жиі ашуланып, сабырсыздық танытады. Ата-ана, ұстаздары, достарымен қарсыласып, тәуелсіз болуға ұмтылады. Яғни, бұл кезеңде бала өзін жеке тұлға ретінде сезініп, қоғамдағы орнын айқындауға кіріседі. Ата-ана мұндай жағдайда мәселені оңтайлы шешудің жолдарын қарастырғаны абзал. Психологтың көмегіне жүгініп, баласымен сырласы ретінде бетпе-бет тілдесуі керек. Сондай-ақ, отабасынан бөлек, өзге ортадағы іс-әрекеттерінен де хабардар болғаны абзал. «Ата-а…

0
0
552