Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматыдағы жаңа аудан – полицияға жаңа міндет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы ішкі-істер департаментімен бірлесе отырып, «Алматыдағы жаңа аудан – полицияға жаңа міндет» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға жаңадан құрылған Наурызбай ауданы ішкі-істер бақармасы басшылары, бөлім жетекшілері, жеке құрам мен Алматы қаласы ішкі-істер департаменті ардагерлер кеңесі өкілі қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов құқық қорғау органдарының негізгі жұмысы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алуға ауысатынын, құқық қорғау органдарының кадр саясатына конкурстық  іріктеудің тетіктерін және меритократия қағидаттарын енгізу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында кешенді шаралар көзделгенін атап өтті.

Наурызбай ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Беисов 2015 жылдың 5 айында ішкі-істер саласы қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты әшкереленген құқық бұзушылық пен қылмыстар жайында жеткізді.

Кеңеске қатысқан Наурызбай аудандық ІІБ Ардагерлер Кеңесі төрағасы запастағы полиция полковнигі, бұрынғы кадр басқармасының қызметкері Б.Жаңабаев меритократия қағидасы бойынша қызметке тағайындаудың принциптері жайында айтып берді.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты жаднамалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара барысында ішкі-істер басқармасының қызметкерлері  көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

   
0
0
495

Осы тақырып бойынша

Алматыдағы жаңа аудан – полицияға жаңа міндет - Yvision.kz