Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа әдісі үшін
Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қорында Алматы қаласының жоғары оқу орындардың оқытушылар және жастар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Сонымен қатар, Мақсатхан Анапин жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.
Іс-шара барысында Т. Рысқұлов атындағы Жаңа экономика университетінің (әрі қарай - Университет) қауіпсіздік және заңдық мәселелері бойынша департаментінің директоры Козлов Валерий Витальевич университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танынстырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта университетте базалық, стратегиялық және ұзақ мерзімді құжаттар бекітіліп, осы жылы іске асырылатын университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жоспары қабылданып, университеттің этикалық кодексі қабылданып, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрылды.
Бұдан басқа, оқытушылар мен студенттерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар жөнінде біліктілігін тексеру мақсатында тесттерді еңгізіп, студенттердің оқытушыларға пара беру фактілері анықталған кезінде, факультет деканы және қауіпсіздік департаментінің директоры студенттердің алдында ашық түрде университет әкімшілігінің азаматтық және кәсіптік позициясын білдіруін ұсынды.
Алматы қаласы экономика және статистика академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Божбанбаев Бауыржан Муратбекұлы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия» тақырыбына орай ЖОО студенттер арасында ғылыми-тәжірибелік конференция және олимпиада өткізуін ұсынды.
«University of international business» университетінің жастармен жұмыс жасау департаментінің директоры Мендыгалиев Кайыржан Ермекұлы, барлық жоғары оқу орындардан жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған оқытушылардан тұратын дерекқорды еңгізуін ұсынды.
Сондай-ақ, «University of international business» университетінің жастармен жұмыс жасау департаментінің директоры Мендыгалиев Кайыржан Ермекұлы, жастар үкіметтік емес ұйымның басшысы Нұғман Алмасбек Нукербанұлы, «Шарапат» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің басшысы Манабаева Раушан Темірбекқызы, «Жас Отан» заңды тұлғалар бірлестігі филиалының жауапты хатшысы Арман Халбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының бағдаржолын жетілдіру бойынша ұсыныстар еңгізді.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

