Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Медеу ауданы сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде алдын алу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай департамент) Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Елбасының 5 институционалды реформасын орындау – мемлекет келешегінің кепілі» атты кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Медеу ауданы әкімінің аппараты, мемлекеттік органдардың басшылары, «Нұр Отан» партиясының филиалы, Алматы қаласы мәслихат депутаттары мен мемлекеттік емес ұйымдар мүшелері қатысты.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде сөйлеген сөзіндегі мемлекеттігімізді бекіте түсетін 5 институционалды реформасы мен «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына тоқталып өтті. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – тек қана құқық бұзушылық емес, ол – тиімділікке деген сенімге селкеу түсіре отырып, ұлттық қауіпсіздікке төнетін бірыңғай қатер», сондықтан, мемлекетіміз бұдан былай қарай да мемлекеттік қызметшілер өз лауазымын тек қана жеке басы пайдасының қажетіне жарату үшін жағдай туғызатын барлық әрекеттерді болдырмайтындай етіп іс-шаралар атқара беретінін ескертті.

Медеу ауданының әкімі Султанбек Макежанов өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында 2014 және 2015 жылдарда атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттеріне динамика ретінде таныстырып өтті.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Азимхан Сейтжан, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының, студенттердің қатысуымен қоғамдық бақылау форматында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жаднамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.

0
0
379

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласы Медеу ауданы сыбайлас жемқорлықты жүйелі түрде алдын алу үшін - Yvision.kz