Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО көліктік бақылау инспекциясындағы семинар-кеңес

2015 жылдың 4 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» атты семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы 9 ай қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік органнның қызметкері БҚО көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы баяндады.

Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» туралы және мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты Ә.Мұқашев «Мемлекеттік қызмет туралы заңының новеллары» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

0
0
651

Осы тақырып бойынша