Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саласы сыбайлас жемқорлықты қолдамайды
Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелігін нығайту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Алматы қаласы жекешелендіру және мемлекеттік мүлік Департаментінің (бұдан әрі – мем.мүлік Департаменті) қызметкерлері қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Департамент кеңесшілері Бакытбек Алишов пен Нурбол Бейсеков 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Сонымен қатар, кеңесшілер жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.
Іс-шара барысында Мем.мүлік Департамент басшысының орынбасары Кайратбек Алиев Департаментте Қаржы министірліктің жауапты хатшысы Наталья Коржованың бұйрығына сәйкес Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жөнінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.
Сондай-ақ, тақырыбқа орай Мем.мүлік Департаменті қызметшілерімен келесі сұрақтар қойылды: мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі болжауда барма?, Алматы қаласында кептелісті болдырмау бойынша шара қолданылады ма?, Кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызмет өткеруді қатар алып жүруге ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында өзгерістер еңгізу болжауда бар ма? және басқа. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

