Мазмұнға өту

Жаңа

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем¬лекеттілігін нығайтудың кепілі»

Алматы қаласы  Медеу ауданында орналасқан №131 орта мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтудың кепілі»  атты  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның барлық мектептерінің педагог ұжымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Рита Ерманова Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары мен міндетемелеріне жөнінде баяндама жасады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері С. Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асы­ру мақсатындағы 15 қадамына тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында  Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №131 мектептің директоры Қ. Өмешбаев және мектеп мұғалімі Л. Самғатова  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының  идеялары мен міндеттемелерін қолдай отырып,  ғылыми-зерттеулерді  дамыту,  олардың нәтижесін өндіріске енгізу, басшылар мен мамандарды даярлау сапасын арттыру, ғылыми интеграцияның деңгейін көтеру, білім мен өндірісті ұштастыру мен жастардың тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру жөніндегі өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

0
0
637

«100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары

Алматы қаласы Достық үйінде Ел Басы «100 нақты қадам» бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында доңгелек стөл өтті. Дөңгелек стөл ұйымдастырушысы Алматы қаласы бойынша Қазақстан халық ассамблеясы, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті.

Шараның жұмыс барысында жүргізүші - Алматы қаласы бойынша Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының орынбасары Абдалиева Маргарита Абубакировна өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың қабылдаған «100 нақты қадам» бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында міндетемелеріне қысқаша тоқтала келе, бірінші сөзді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Данияров Геннадий Гожахметовичке берді. Өз сөзінде бес институтционалды реформаның бірінші 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жайлы бейне көріністрге сүйене келе, әр қадамамның мемлекттік қызметкерлерге және мемлекттік қызмет лаузымына үміткерлерге маңыздылығына, жаңаланғанына жеке жеке тоқтап, атап өтті.

Дөңгелек стөл отырыс барысында, ғылыми –экспертік топтың мүшесі – Ананева Светлана Викторовна, Алматы қаласы осетин этномәдени орталығының төоағасы – Мансуров Қазбек Владимирович және «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мүшелері  сөз алып, Ұлттық жоспарда қойылған, тұжырнама жоспары бірлігімен біркелкілігін нығайту бойнша сұрақтарды жетілдіру, қойлған міндеттерге байланыстыра  саяси мәдениет тұжырнамасына толықтыру еңгізу  тақырыптарына тоқтала кетті.

Отырыстың қортындысы  бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары бес институтционалды реформасын Алматы қаласыны тұрғындарының  арасында насихаттау жұмыстарын жалғасытыру жайлы ұсынылды.

     

0
0
467

«100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары

Алматы қаласы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары» атты доңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырды.

Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары Абдалиева Маргарита Абубакирқызы өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары мен міндетемелеріне қысқаша тоқтала келе, сөзді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Геннадий Данияровқа берді.                   Г. Данияров  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асы­ру мақсатындағы 15 қадамына (слайдты қолдана отырып)  тоқтала  келе, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында, ғылыми–эксперттік топтың мүшесі – Ананева Светлана Викторовна, Алматы қаласы Осетин этномәдени орталығының төрағасы – Мансұров Қазыбек және «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мүшелері сөз алып, Ұлттық Жоспарда   бірлік пен біркекілікті нығайту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды   жетілдіру және  саяси мәдени тұжырымдамаларына толықтыру енгізу   мәселелеріне  тоқталды.

Отырыстың қортындысы бойынша бес институтционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын Алматы қаласы тұрғындарының арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыру жайлы ұсыныстар енгізілді.

   

0
0
569

М.Жайымбетов: Биыл елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болды

Биылғы жылдың 11 айында елімізде бір мыңнан астам жас отбасы баспаналы болған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.

"Республикалық бюджет және Ұлттық қордың қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үйлерге тоқталсам, кезект тұрған азаматтар үшін жалға берілетін баспана салуға биылғы жылы әкімдіктерге 9,8 млрд теңге нысаналы трансферттер бөлінді. 2015 жылдың 11 айында 86 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынды", - деп хабарлады М.Жайымбетов.

Жалпы, кезекте тұрған 1,2 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайые жақсартқан. Комитет төрағасы жеткізгендей, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысына биыл 4,7 млрд. теңге бөлініпті.

"Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы зор қарқынмен жүргізіліп жатыр. Есепті кезең ішінде 57,4 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Осылайша бір мыңнан астам жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді", - дейді М.Жайымбетов

Кездесу барысында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында заң шығарушылық қызмет талқыланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы М.Алтынбаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында оны I дәрежелі «Барыс» Орденімен марапаттады.

«2015 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жалпы алаңы 667,3 мың шаршы метр жалға берілетін 11 689 пәтер салуға және сатып алуға шарттар жасалды, соның ішінде 426,7 мың шаршы метр (7228 пәтер) 2015 жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде 322 мың шаршы метр баспаны салынып, сатылды», - деп баяндады М.Жайымбетов.

Ал 2016 жылы 240,6 мың шаршы метр (4461 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр.

«Отандық құрылыс индустриясы кәсіпорындары өнімдерінің 80%-ы пайдаланылды, 7000-нан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Бұдан басқа, үлескерлер қатысатын тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізіледі. Қазіргі кезде 2 нысанның құрылысы аяқталды. 1174 үлескер ақша салған 12 проблемалық объекті бақылауда болады. Оларды 2016 жылы салып бітіру жоспарланған», - дейді Ұлттық экономика министрлігінің өкілі.

Ақпарат көзі

 

0
0
514

«100 нақты қадам» — ішкі ғаламдық шақыруға жауап

Алматы қаласы № 1 қалалық поликлиникада  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын түсіндіру тақырыбына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департменті семинар-кеңес өткізді.

 

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесшісі Дамир Сарбаев қатысушалардың назарын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына аударып, мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту процедурасын түсіндірді. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы бірінші реформада ұсынылады. Яғни, мемлекеттік қызметке кайта қабылданушылар жоғары лауазымдарға тағайындалмай, мансап сатының барлық баспалдақтарынан өтуі тиіс. Және ҚР-ның 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының мақсатты көрсеткіштерін толықтай түсіндіре келе, қоғамның сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, халық пен кәсіпкерлер үшін қолжетімділік қағидатын ұстануға шақырды. Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру үшін жұртты мемлекеттік органдардың мемлекеттік Стандарттармен таныстыру қажеттілігін айтты. Мұндай шаралар мемлекеттіміздің халықаралық қоғамдастығы арасындағы дәрежесін көтере отырып, жемқорлыққа қарысы әрекеттер қабылдау индексінде «Transparency international» Қазақстанның беделін жоғарлатып, мемлекеттік органдарға халық сенімін арттыра түсетіндігін білдірді.

 

Емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары Исламова В.Г., Президенттің «100 нақты қадам» жоспарын денсаулықсақтау саласында үш қадам ретінде іске асыруы ұсынылғанын айтты:

  1. Медициналық сақтандыру жүйесін міндетті түрде еңгізу, мемлекеттің, жұмысберушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейту.
  2. Жеке медицина саласын дамыту, медициналық мекемеде корпоративтік басқару жүйесін еңгізу.
  3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің жанында медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауға арналған комиссия құру. Медициналық қызмет көрсету жүйесінде озат стандарттарды еңгізу (емдеу протоколы, кадр дайындау, дәрімен қамтамасыз ету, қол жетімділік және сапа бақылау). Және поликлиникада ішлі аудит және пациенттерді қолдау қызметі құрылғанын айтып өтті.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
385

В Астане прошел круглый стол «Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі»

В Музее Первого Президента Республики Казахстан прошел круглый стол «Тәуелсіздік – азаттықтың асыл кепілі», посвященный Дню Независимости РК.

«Декабрь в календарном плане в республике очень значимый и важный месяц, потому что приближается День Независимости Республики Казахстан. Независимость, которая являлась вековой мечтой казахского народа. И то, что по сути дела, весь декабрь насыщен такими событиями как 1 декабря – провозглашение  и проведение первых демократических всенародных выборов Президента. 10 декабря - объявление КазССР Республикой Казахстан и, наконец, 16 декабря – день, когда была провозглашена государственная Независимость Республики Казахстан - это мероприятие и событие, которые являются ключевыми в истории суверенного независимого Казахстана», - сказала заместитель директора Музея Первого Президента РК Ботагоз Каипова в ходе круглого стола.

Замдиректора отметила, что не случайно имя Первого Президента связано с продвижением к реализации вековой традиции независимости республики.

«Очень много говорят о Президенте как об инициаторе и интеграторе реформ на пространстве СНГ. Но вместе с тем, мне кажется, нужно говорить, о Президенте Нурсултане Назарбаеве как созидателе в совокупности. На сегодняшнем круглом столе, где ученые, исследователи и государственные люди говорят о преемственности истории, преемственности ментальности и пытаются решить задачу  формирования нового казахстанского патриотизма в условиях глобального мира – это уже не просто стирание грани, это уже стирание каких-то определенных ценностей мировоззренческих установок. Чтобы все это сохранить и преумножить нужен не просто диалог, нужно в формате полилога предлагать  миру свои рецепты, свои концепции. По этому пути идет Нурсултан Назарбаев», - подчеркнула кандидат исторических наук.

Отметим, что в работе круглого стола приняли участие представители Администрации Президента РК, Конституционного совета РК, ученые, исследователи, преподаватели общественных дисциплин учебных заведений.

Анара Таныркулова

Источник

 

0
0
325

Сенат Жоғарғы Соттың жаңа судьяларын сайлады

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау Сенаттың ерекше құзыретіне жатады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/senat-zhogargy-sottyn-zhana-sudyalaryn-saylady

0
0
405

Мемлекеттік қызметкерлер салауатты өмірсалт үшін...

Бостандық ауданының мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Конститутциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарына арналған мини-футболдан өткізілетін жарысқа жалпы саны 10 команда қатысты.

Олар: Бостандық ауданының прокуратурасы, Аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық салық басқармасы, аудан әкімдігі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық оқу бөлімі, Стамп сервис ЖШС, аудандық ІІБ, аудандық полиция бөлімі, аудандық денсаулық саласы қызметкерлері.

Жарысты Бостандық ауданы әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы  мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің  Алматы қаласы департаменті консультанты Байұзақов Асхат Құсайынұлы сөз сөйлеп ашып берді.

Ақтық сында аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен аудандық салық басқармасы ойнап аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3-1 есебімен жеңіске жетті.

3 орын үшін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудан әкімдігі таласта халыққа қызмет көрсету орталығы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың қорытындысына сәйкес, Аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1 орынды жеңіп, 2 орын аудандық салық басқармасы иеленіп, 3 орынды аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы иемденді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің  Алматы қаласы департаменті консультанты Байұзақов Асхат Құсайынұлы құттықтап марапаттады.

0
0
398

Аса ірі жедел медициналық жәрдем орталығы Президенттің реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігінң Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Жедел жәрдем ауруханасының (бұдан әрі - ЖЖА) ұжымның қатысуымен кеңес өткізді.

 

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен өзара іс-қимыл жасау бөлім басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау Департамент жұмысында басымды болғандықтан, Алматы қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көбісі Денсаулық сақтау басқармасымен көрсетілетінін ол айтып өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қоғамның мемлекеттік органдырға сенімінің жоғарлауын көрсетеді.

 

Конструктивті ынтымақтастық мақсатында Департаментпен «Халықаралық құқыққорғау орталығы» ҚБ (бұдан әрі - ХҚО) арасында жасалған келісімге сәйкес, медицина кызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық бағытында қылмыстық және әкімшілік кодексінің қағидаларын ХҚО басшысы Жанділда  Жакупов толық түсіндіріп өтті.

 

ЖЖА бас дәрігерінің міндетін атқарушысы Анаркуль Кулембаева басқарып отырған мекеме жұмысының ашықтығын ескерте отырып, мекемеде 760 медициналық қызметкерден астам жұмыс істейтінін айтып өтті. «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауының негізгі бағыттарын атап өтіп, мемлекетімізде халықтың дәулеттілігінің жақсаруы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетеді деп және мемлекетіміздің экономикасына инвестициялардың ағылып келуінің деңгейін көтереді. Және сенім телефон арқылы түскен шағымдар мен ұсыныстары емдеу қызметін жақсарту мақсатында жүйелі түрде іске асырылатынын, ЖЖА жоғары және орта оқу орындарымен, сақтандыру компаниялармен жұмыс жасайтынын айтып өтті.

 

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
377

Қаржы бақылау қызметкерлері Президенттің реформаларын бірауыздан қолдайды

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы бойынша Қаржы бақылау инспекциясында (бұдан әрі - Инспекция) ұжымның қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытын іске асыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі тетіктерін және сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық  бағытында қылмыстық және әкімшілік кодексінің қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, қаржы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманың, Бюджеттік және Салық кодекстерінің жетілдірілмегенін кездестіретіне байланысты  Мақсатхан Анапин жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында семинар-кеңес қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.

Қаржы бақылау сыбайлас жемқорлықпен түйіндес болғандықтан, Инспекцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны ескерту бағытына үлкен назар бөлінетінін инспекция басшысы Ержан Мынжасаров айтып өтті.

Инспекция жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері бірінші орында тұрғанын, атқарып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта өткізіліп жатқан іс-шаралар мен өткізіліп жатқан жалпыға бірдей құқықтық оқу жөнінде Инспекция басшысының орынбасары Бахытжан Бугенбаев айтып өтті.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
334