Алматы қаласы Жетісу ауданының мемлекеттік қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформаларын қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Жетісу ауданы әкімі аппаратымен бірлесе отырып, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және «100 нақты қадам» атты семинар-кеңес өткізді. Аталған іс - шараға Жетісу ауданы әкімінің аппараты, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағалары, «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалы мүшелері және мемлекеттік емес ұйымдар қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын, бес институционалды реформаны іске асыру «100 нақты қадам» ұлттық жоспары тақырыптарына, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарына тоқталды.
Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақов өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайында айтып өтті.
«Нұр Отан» партиясы Жетісу ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңесінің төрайымы Тамара Шәкірова өз сөзінде партия Доктринасында сыбайлас жемқорлықпен күресу әрқайсымыздың және барлығымыздың міндетіміз екендігін айта келе, сыбайлас жемқорлық демократия мен мемлекетіміздің құрылымдарына нұқсан келтіретіндігін атап өтті. Аудан ерекшелігін ескере отырып, үгіт-насихат жүргізу жұмыстары 4 секторға бөлінген, бұлар өнеркәсіп секторы, әлеуметтік сектор, кіші және орта бизнес пен жастар секторлары. Партияның филиалы ауданның барлық мекемелерімен біріге отырып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу және ескерту жайында кеңестер өткізеді. Партия бағдарламасының басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның көзқарасын өзгерту, азаматтық моральдық деңгейін және құқықтық ақыл-ойларын жетілдіру, аудандық партия ұйымдарының әлеуеттілігін пайдалана отырып, қоғам мен бизнес өкілдерімен өзара сенімділік негізінде әлеуметтік зұлымдықтардың алдын-алу және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.
Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

