Дүниеге келген әрбір дені сау ұрпақ – жас мемлекетіміздің даумының кепілі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласының денсаулық басқармасымен бірлесіп № 2 қалалық перзентханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында семинар-кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Максатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, сонымен қатар бес институционалды реформаның нақты бағыттарының бірі мемлекеттік аппараттың кәсібилігі екенін және келесі реформалар мемлекеттік қызметте және денсаулық сақтау бағытында болатынын түсіндірді.
Үкіметтік емес ұйымның басшысы, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жұмыс атқаратын «Халықаралық құқыққорғау орталығының» ҚҰ Жанділда Жакупов перзентхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.
Перзентхана басшысы Гулнар Нұрлановна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің өткізіліп отырған іс-шаралары азаматтық қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескертудің маңыздылығын атап, сонымен қатар мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын бейне ролик көрсетіліп , жадынамалар таратылды.
