Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем¬лекеттілігін нығайтудың кепілі»

Алматы қаласы  Медеу ауданында орналасқан №131 орта мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем­лекеттілігін нығайтудың кепілі»  атты  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, ауданның барлық мектептерінің педагог ұжымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Рита Ерманова Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары мен міндетемелеріне жөнінде баяндама жасады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері С. Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асы­ру мақсатындағы 15 қадамына тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында  Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №131 мектептің директоры Қ. Өмешбаев және мектеп мұғалімі Л. Самғатова  Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының  идеялары мен міндеттемелерін қолдай отырып,  ғылыми-зерттеулерді  дамыту,  олардың нәтижесін өндіріске енгізу, басшылар мен мамандарды даярлау сапасын арттыру, ғылыми интеграцияның деңгейін көтеру, білім мен өндірісті ұштастыру мен жастардың тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру жөніндегі өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

0
0
589

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем¬лекеттілігін нығайтудың кепілі» - Yvision.kz