Аса ірі жедел медициналық жәрдем орталығы Президенттің реформаларын қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігігінң Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Жедел жәрдем ауруханасының (бұдан әрі - ЖЖА) ұжымның қатысуымен кеңес өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғаммен өзара іс-қимыл жасау бөлім басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының іс-қимылын түсіндірді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау Департамент жұмысында басымды болғандықтан, Алматы қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көбісі Денсаулық сақтау басқармасымен көрсетілетінін ол айтып өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қоғамның мемлекеттік органдырға сенімінің жоғарлауын көрсетеді.
Конструктивті ынтымақтастық мақсатында Департаментпен «Халықаралық құқыққорғау орталығы» ҚБ (бұдан әрі - ХҚО) арасында жасалған келісімге сәйкес, медицина кызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық бағытында қылмыстық және әкімшілік кодексінің қағидаларын ХҚО басшысы Жанділда Жакупов толық түсіндіріп өтті.
ЖЖА бас дәрігерінің міндетін атқарушысы Анаркуль Кулембаева басқарып отырған мекеме жұмысының ашықтығын ескерте отырып, мекемеде 760 медициналық қызметкерден астам жұмыс істейтінін айтып өтті. «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауының негізгі бағыттарын атап өтіп, мемлекетімізде халықтың дәулеттілігінің жақсаруы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетеді деп және мемлекетіміздің экономикасына инвестициялардың ағылып келуінің деңгейін көтереді. Және сенім телефон арқылы түскен шағымдар мен ұсыныстары емдеу қызметін жақсарту мақсатында жүйелі түрде іске асырылатынын, ЖЖА жоғары және орта оқу орындарымен, сақтандыру компаниялармен жұмыс жасайтынын айтып өтті.
Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

