Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы бақылау қызметкерлері Президенттің реформаларын бірауыздан қолдайды

Қоғамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нәтижелігін жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы бойынша Қаржы бақылау инспекциясында (бұдан әрі - Инспекция) ұжымның қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны, мемлекетімізді нығайтуға арналған 5 институттық реформаның тәжірибелік аспектілерін, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытын іске асыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі тетіктерін және сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқықбұзушылық  бағытында қылмыстық және әкімшілік кодексінің қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, қаржы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманың, Бюджеттік және Салық кодекстерінің жетілдірілмегенін кездестіретіне байланысты  Мақсатхан Анапин жемқорлықты тудыратын қауіптерді азайту мақсатында семинар-кеңес қатысушыларынан ұсыныс беруін сұрады.

Қаржы бақылау сыбайлас жемқорлықпен түйіндес болғандықтан, Инспекцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны ескерту бағытына үлкен назар бөлінетінін инспекция басшысы Ержан Мынжасаров айтып өтті.

Инспекция жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері бірінші орында тұрғанын, атқарып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта өткізіліп жатқан іс-шаралар мен өткізіліп жатқан жалпыға бірдей құқықтық оқу жөнінде Инспекция басшысының орынбасары Бахытжан Бугенбаев айтып өтті.

Семинар-кеңес сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
294

Осы тақырып бойынша