Мазмұнға өту

Жаңа

2015 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және алаяқтық тәсілдері туралы

Құқық қорғау органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айы ішінде елордада алаяқтық фактілері 4400-ден 4233-ке немесе 3,8%-5а азайды, үлестік салмағы 10,3%-ды (барлығы 41077 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді) құрады.

http://astana.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/2015-zhylgy-11-aydyn-korytyndysy-boyynsha-alayaktykka-karsy-kimyldyn-zhay-kuyi

0
0
222

«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»

Жастарды тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғам талабы.

Осы орайда,2015 жылдың 9-10 желтоқсан күндері  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ және Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық университетінде 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі» тақырыбында семинар-кеңестер ұйымдастырылды.

Семинар-кеңестерге университет басшылықтары, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және университет жанында құрылған басылым тілшілері қатынасты.

Кездесулер барысында департамент қызметкерлерімен  жаңа қабылданған ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді,  құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігін аса назар аударды.Сонымен қатар, Департаментпен бірлесіп іс-қимыл жасау үшін ашық келісімге қол коюға шақырылды.Өз кезегінде университет басшылықтары қоғам дерті жемқорлықпен күресте әрдайым Департаментпен бірігіп бұл кеселдің алдын-алуда аянбайтындарын жеткізді.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.

0
0
887

Алматыда FISU делегациясының өкілдері Универсиада 2017 барысын тексереді

Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері жаңа сайланған Президенті Олег Матыцинмен бірге Қазақстанға іс-сапармен келді. Олар 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға дайындық барысымен танысты, деп хабарлады Универсиаданың баспасөз қызметі.

Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы, Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева мен Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруда өзекті мəселелерді талқылады.

«Ұйымдастыру комитетінің басшысымен кездесуде, бұл жоба сəтті болатынын жəне Қазақстан, Халықаралық федерацияның тарихында осы ірі жобаны ұйымдастырудағы сенімді серіктес болып қалатынына сенім білдірдік", - деді Олег Матыцин.

FISU Президенті Универсиаданы өткізудегі Алматының рөлін атап өтті. «Аса жауапкершілік Алматы қаласына түсіп тұр. Өйткені бұл шахарда барлық сайыстар өтеді. Сол себепті Халықаралық федерация мен Алматы əкімшілігінің, қалалық Дирекциямен бірлесе жұмыс туралы мəселерге назар аудардық. Біз Алматы əкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз, өйткені олар осы жоба арқылы Алматыны əлемге танытуды көздеп, осынға шетелдік компанияларды тартып жатыр», - деді FISU басшысы.

FISU басшылығы Алматыдағы Универсиада болашақта өзге Универсиада ойындарына үлгі болатынына сенім білдірді. «Біз бұл спорттық оқиғаны Алматы 2011 жылы қабылдаушы қала болып шешілгеннен бастап күтіп жүрміз. Біз Алматыдағы Универсиада болашақтағы Универсиадаларға үлгі болады деп сенеміз», - деді FISU-дің бас хатшысы Эрик Сэйнтронд.

Өз кезегінде Универсиаданы өткізудегі дирекцияның жетекшісі Əсет Əбдуалиев FISU-мен бірлесе жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті.

«FISU-мен білескен жұмысымыздың жылдам қарқында жүріп жатқандығы қуантады. Ұйымдастыру комитетінің басшылығынан, Алматы қаласының əкімшілігінен, ұлттық федерациялардан қолдау бар. Универсиада ойындары жай ғана жарыс емес, барлық алматылықтарға, Қазақстан жұртшылығына және шетелдік қонақтарға үлкен спорттық мереке болмақ. Универсиададан кейін барлық спорт нысандары халыққа қоджетімді болады», - деді Ə.Əбдуалиев.

Қазір халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері спорттық нысандарда инспекторлық қызмет атқаруда.

Айта кету керек 2011 жылдың 29-шы қарашасында FISU Алматы қаласын 2017 жылғы қысқы Универсиаданың астанасы етіп шешім шығарған еді. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып, Қысқы Универсиада өткізбек. 2014-2015 жылдары Халықаралық студенттер спорты федерациясы Универсиаданың дайындығымен танысып, Алматыда бірнеше кездесулер өткізген. Мəселен, былтыр Халықаралық техникалық комитет (CTI) өкілдері FISU жұмыс сапарымен келіп кетті. Былтыр желтоқсанда FISU-дың конькимен жүгіру спортынан өкілдері Қазақстанға атбасын бұрды. Биылғы жылы қазан айында CTI FISU делегаттары Алматыға екінші инспекциялық сапармен келді.

Ақпарат көзі

 

0
0
253

Алматы қаласы Әділет департаменті семинар-кеңес өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің президенті Жәнділдә Жакуповпен  бірлесе  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасы  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қоғамдық  ортада кеңінен талқылау мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті ұжымымен семинар-кеңес өткізді.

Департамент консультанты Асхат Байұзақов, бес институционалды реформа «100 нақты қадам» Ұлттық жоспардың орындалу мақсатында,  мемлекеттік басқару жүйесінің  сапасын артыруға бағыталған  мағынасы зор құжат. Ұлттық жоспарда ең бірінші маңызды боп табылатын, мемлекеттік қызметте мансапты модельге көшу. Бүл тапсырма, бірінші 15 қадамдамның, басы, мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталатынына  жайлылығына тоқталды . Әр мемлекеттің қалыптасуы, мемлекттік басқару жүйесінің жумысының тиімділігі қалыптасқан кәсіби мемлекттік аппаратпен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық ұйымның президенті Жәнділдә Жакупов  Қазақсан Республикасы Әкімшілік және Қылмыстық кодексерінде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазалау шараларының күшейүіне  және өзгеріс енген  тарматарын атады.

Мәжіліс соңында сауалнама жұргізілді.

                   

0
0
1069

«МЕМЛЕКЕТ: БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ» атты пікір-сайыс ойындары

2015 жылдың 7 желтоқсанында Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын», Департаменттің ұйымдар және мекемелермен қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспарын іске асыру мақсатында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде пікір-сайыс ойындары өтті.

Шараның міндеттері

-         сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күнін атап өту;

-         оқушылардың сөйлеу шеберліктерін арттыру;

-         жастардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

 

Шараға Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларынан құралған командалары қатысты.

Пікір-сайыс ойындары барысында «Бұл палата бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеудің тиімді механизмін ұсынады», «Бұл палата Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың болу себебінің алғышарттарын көрсетеді», «Бұл палата сыбайлас жемқорлықты жоюдың тиімді жолдарын ұсынады» қарарлары талқыланды.

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары, республикалық және халықаралық пікір-сайыс турнирлерінің жеңімпаздары ойынға төрелік етті.

Ойын соңында республикалық және халықаралық пікір-сайыс ойындарының жеңімпаздары шара туралы өз ойларын білдірді. Одан әрі басқарма басшысы А.Жұбаныш қатысушылардың жеңіске жету үшін белсенділігі мен қажырлығын, сапалы білім алуға мол мүмкіндіктер бар екендігін айтып, Департамент атынан пікір-сайысшыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

 

 

 
0
0
1214

«100 нақты қадамды» талқылауға қатысты кездесу өтті

Әуезов ауданы бойынша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік кіріс Басқармасының жетекшісі Асқар Қабышев, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер ісі және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік Департаментінің кеңесшісі Бақтыбек Әлішевтің қатысуымен, «100 нақты қадамды» талқылауға қатысты кездесу өткізді.

Асқар Қабышев, «100 нақты қадам»- Мемлекет басшысының бес институционалды реформасын жүзеге асырудағы ұлттық жоспары. Бұл жерде бірінші реформа «Мемлекеттік аппаратты құру» облысында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке түсу үдерістерін модернизациялауды анықтады. Ұлт басшысы әрбір мемлекеттік қызметші төменгі қызметтерден бастап, мемлекеттік қызметке жаңа келген мамандар қызмет табалдырығы бойынша көтерілмес бұрын, оның барлық жоғары тұрған қадамдарынан өтуі тиіс екендігін нақты көрсеткенін атап кетті.

Елбасының бес институционалдық реформасында ең бірінші тұрған бағыт мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге көтеру, яғни кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі қарастырылған. «100 нақты қадам» жоспарының бірінші бөлігі де осы мәселеге арналған.

Алдағы 3 жылда, жаңа жол құрлысын, электр жүйелерін, коммуникация жұмыстарына 14 миллиард доллар бөлініп отыр. Бұл қаражаттың үштен бірі халықаралық финанстық институттарға бөлінеді. Астанадан басқа аймақтарға қатынайтын автожолдар жүйесі тартылмақ. Осы арқылы барлық аймақтардың даму жағдайы жақсара түседі. Экономикалық және әлеуметтік-демографиялық дамуда да қолайлы жағдай туындамақ.

Асқар Әбішев, жиналысты қорытындылай келе, Елбасының тапсырған әрбір қадам-нақты тәжірибелік тапсырмалар екенін атап кетті. «100 қадам»-Ұлт Көшбасшысының 100 нақты тапсырмасы, біз баршамыз осы мемлекетіміздің жан-жақты дамып өркендеуі жолында өз үлесімізді қосуға міндеттіміз,- деп сөзін қорытындылады.

 

0
0
388

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын түсіндіру

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын түсіндіру

 

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының реформаларына үлкен қызығушылық көрсетеді.

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспардың бірінші 15 қадамы мемлекеттік қызмет блогына қатысты болғандықтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері, Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Венера Мурзагельдинова және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұршылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесші Асхат Байузаков Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс Департаментінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау) еңгізілетіні туралы айтылды. Және мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін, үш ай мерзіміне жеке бейімделу жоспары құрылады.

Кездесу аяғында қатысушылармен алдағы реформаларға байланысты қойылған бірнеше сұрақтарға толық жауаптар берілді.

   
0
0
523

«100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау жайында кездесу өтті.

«Спира Берга» ЖШС директоры, Саяси Кеңес мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Әуезов ауданы бойынша, жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Бергарипов, Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы күрес жөнінідегі агенттік Департаментінің кеңесшісі Асхат Байұзақовтың қатысуымен, «Спира Берге» ЖШС-нің мәжіліс залында, «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау жайында кездесу өтті.

Қайырбек Бергарипов, «100 нақты қадам»- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары –деп атап кетті.

Бес институтциональды реформа Мемлекет пен қоғам дамуының келесі жарқын кезеңіне өту алдында қарқынымызға қарқын қосатын, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізер нақты шаралар кешені.

Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны жария еткені белгілі. «Мемлекеттік құрылыстың алдағы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары ұсынылды.

«Алдағы 3 жылда ішінде халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қажетті стратегия әзірлеуі керек. Сонымен қатар көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. Сонымен бірге Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдететін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет.

Шағын және орта бизнес өкілдері Елбасының нақты тапсырмаларын толықтай түсініп. Қолдаған жағдайда, біз өз болашағымыздың кедергісіз дамуына қол жеткіземіз деп атап кетті А.Байұзақов.

Қайырбек Бергарипов, жиналысты қорытындылай келе әр қадам-Елбасының мемлекеттік тапсырмасы. Ол әр халық пен әрбір қазақсатндықтың қызығушылығын арттырып отыр. «100-нақты қадам»- Ұлт көшбасшысының нақты 100 тапсырмасы, біздің өз қолымызбен өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды жан-жақты дамытып, жетілдіруміздің жолдары екенін атап кетті.

 

0
0
664

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушыларының Ассамблеясына қазақстандық делегация қатысты

Венада (Австрия) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия қатысушыларының Ассамблеясының (IACA) 4-ші сессиясы өтуде. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасиловтың басшылығымен қазақстандық делегация қатысуда, деп хабарлады Академияның баспасөз қызметі.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны (IACA) Австрия Үкіметі 2010 жылы БҰҰ-ның есірткі мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Басқармасымен ынтымақтастықта  ұйымдастырған болатын және БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) және Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Мемлекеттер тобының (ГРЕКО) жанындағы қадағалаушы мәртебесі бар халықаралық ұйым болып табылады.

Бұл ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы озық тәжірибе, әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдары үшін кадрлар даярлау орталығы функцияларын орындайды, сондай-ақ аталған салада ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қазіргі уақытта 66 ел мен үш халықаралық ұйым оның мүшелері болып табылады. Қазақстан 2014 жылы оның толыққанды мүшесі болды.

Ассамблеяның жұмысына Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның қатысушы елдерінен 200-ден астам делегаттар қатысуда.

Сессия барысында қатысушылар озық тәжірибемен алмасу мақсатында әлемнің жетекші елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аса тиімді стратегияларын, мемлекеттік қызмет саласындағы сәтті реформаларды зерделейді, мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелерін және ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін қарастырады. Сонымен қатар Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияны одан әрі дамыту мәселелері талқылануда.

Болатбек Абдрасилов өзінің баяндамасында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, заң үстемдігін, мемлекеттің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етуге бағытталған бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ аталған бастама шеңберінде әзірленген жаңа заңнамалық базамен таныстырды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, профилактикасы мен оны ескертуге, оқытуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылатын Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатына жан-жақты тоқталып өтті.

Сапар қорытындысы бойынша Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары және  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

Ақпарат көзі

 

0
0
739

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарды сауаттандыруда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Геннадии Данияров және Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Венера Мурзагельдинова «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатымен Қазынашылық Департаменті және Қаржы бақылау инспекциясының ұжымымен кездесті.

Кездесуде екі органның басшылығы және аудандық басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Геннадии Данияров баяндамасында, отыз дамыған мемлекеттің қатарына қосылу барысында кәсіби мемлекеттік аппарат құруы өте маңызды болып табылатынын айтты.  Мемлекеттік аппаратты нығайту, еліміздің әлеуметті-экономикалық даму тетіктерінің бірі болып табылады.

Кездесу барысында Венера Мурзагельдинова қатысушылардың назарын мемлекеттік қызметтің мансапты модельге көшуіне аударды. Осы модельдің аясында мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.

Кездесу аяғында екі органның басшылығы өз алғысын білдіріп, Ұлттық Жоспар сақталатынын туралы айтты.

0
0
317