Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» — ішкі ғаламдық шақыруға жауап

Алматы қаласы № 1 қалалық поликлиникада  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын түсіндіру тақырыбына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департменті семинар-кеңес өткізді.

 

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесшісі Дамир Сарбаев қатысушалардың назарын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына аударып, мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту процедурасын түсіндірді. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы бірінші реформада ұсынылады. Яғни, мемлекеттік қызметке кайта қабылданушылар жоғары лауазымдарға тағайындалмай, мансап сатының барлық баспалдақтарынан өтуі тиіс. Және ҚР-ның 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының мақсатты көрсеткіштерін толықтай түсіндіре келе, қоғамның сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, халық пен кәсіпкерлер үшін қолжетімділік қағидатын ұстануға шақырды. Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру үшін жұртты мемлекеттік органдардың мемлекеттік Стандарттармен таныстыру қажеттілігін айтты. Мұндай шаралар мемлекеттіміздің халықаралық қоғамдастығы арасындағы дәрежесін көтере отырып, жемқорлыққа қарысы әрекеттер қабылдау индексінде «Transparency international» Қазақстанның беделін жоғарлатып, мемлекеттік органдарға халық сенімін арттыра түсетіндігін білдірді.

 

Емдеу жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары Исламова В.Г., Президенттің «100 нақты қадам» жоспарын денсаулықсақтау саласында үш қадам ретінде іске асыруы ұсынылғанын айтты:

  1. Медициналық сақтандыру жүйесін міндетті түрде еңгізу, мемлекеттің, жұмысберушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейту.
  2. Жеке медицина саласын дамыту, медициналық мекемеде корпоративтік басқару жүйесін еңгізу.
  3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігінің жанында медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауға арналған комиссия құру. Медициналық қызмет көрсету жүйесінде озат стандарттарды еңгізу (емдеу протоколы, кадр дайындау, дәрімен қамтамасыз ету, қол жетімділік және сапа бақылау). Және поликлиникада ішлі аудит және пациенттерді қолдау қызметі құрылғанын айтып өтті.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
345

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам» — ішкі ғаламдық шақыруға жауап - Yvision.kz