Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметкерлер салауатты өмірсалт үшін...

Бостандық ауданының мемлекеттік және құқық қорғау қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Конститутциясының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына және «100 нақты қадам» ұлттық жоспарына арналған мини-футболдан өткізілетін жарысқа жалпы саны 10 команда қатысты.

Олар: Бостандық ауданының прокуратурасы, Аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық салық басқармасы, аудан әкімдігі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық оқу бөлімі, Стамп сервис ЖШС, аудандық ІІБ, аудандық полиция бөлімі, аудандық денсаулық саласы қызметкерлері.

Жарысты Бостандық ауданы әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы  мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің  Алматы қаласы департаменті консультанты Байұзақов Асхат Құсайынұлы сөз сөйлеп ашып берді.

Ақтық сында аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен аудандық салық басқармасы ойнап аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3-1 есебімен жеңіске жетті.

3 орын үшін аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудан әкімдігі таласта халыққа қызмет көрсету орталығы 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың қорытындысына сәйкес, Аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1 орынды жеңіп, 2 орын аудандық салық басқармасы иеленіп, 3 орынды аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы иемденді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев Саят Болатұлы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің  Алматы қаласы департаменті консультанты Байұзақов Асхат Құсайынұлы құттықтап марапаттады.

0
0
338

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызметкерлер салауатты өмірсалт үшін... - Yvision.kz