«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарды сауаттандыруда
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Геннадии Данияров және Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Венера Мурзагельдинова «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатымен Қазынашылық Департаменті және Қаржы бақылау инспекциясының ұжымымен кездесті. Кездесуде екі органның басшылығы және аудандық басқармаларының қызметкерлері қатысты. Геннадии Данияров баяндамасында, отыз дамыған мемлекеттің қатарына қосылу барысында кәсіби мемлекеттік аппарат құруы өте маңызды болып табылатынын айтты. Мемлекеттік аппаратты нығайту, еліміздің әлеуметті-экономикалық даму тетіктерінің бірі болып табылад…
