Мұғалімдер мен ата-аналар Қазақстан Республикасы Президенті реформасын қолдайды
Медеу ауданындағы №19 мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асырудағы педагогтардың рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Медеу ауданы филиалы өкілдері, педагогог ұжымдары мен ата-аналар қатысты.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 15 қадамына түсініктеме бере отырып, бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына тоқталды.
Мектеп директоры Назира Сарсембаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын талқылау шаралары ауданның барлық білім салаларында өткізіліп жатқан жөнінде хабардар етті.
«Нұр Отан» партиясының Медеу ауданы филиалының өкілі Қатима Төреханова семинар-кеңеске қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2050 – Стратегиясын» жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының бағыттары мен мақсаттары туралы өз пікірін білдірді.
Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

