Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңтүстік астананың қоғамдық ортада «100 нақты қадам» кеңінен талқылау жалғасуда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент)  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасы  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қоғамдық  ортада кеңінен талқылауды жалғастыруда. Алматы қаласы Әуезов ауданының №18 емханасында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен кезекті іс-шара өткізілді.

Емхананың бас дәрігері Елшат Тілекеев талқыланатын тақырыптардың жалпы бағыттарымен таныстыра келе Ұлттық Жоспардың 80,81,82 қадамдарына түсініктеме беріп, «Жеке медициналық көмекті дамытуға медициналық мекемелерде Корпоративтік басқаруды енгізу», «Міндетті түрде әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу туралы», «Медициналық көмектің жоғары стандарттарын енгізу туралы» бағыттардың денсаулық сақтау саласындағы  маңыздылығына тоқталды.

Департамент консультанты Асхат Байұзақов мәжіліске қатысушыларға   бірінші реформадағы 15 қадамның әрбір қадамына тоқталып, кәсіби мемлекеттік аппарат құру аясында  мемлекеттік қызметкерлерге және мемлекеттік қызмет лауазымына үміткерлерге қойылған  нақты міндеттерін  түсіндіріп өтті. Департамент консультанты Бақытбек Әлішев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелері мен  денсаулық сақтау саласындағы немқұрайлық іс-әрекеттерге жауапкершілікпен қарау жөніндегі заңнама актілерін қүшейту  туралы  өз пікірін білдірді.

Іс-шара соңында  медицина қызметкерлеріне жемқорлық мәселелері жөнінде сауалнама жүргізілді.

   
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Оңтүстік астананың қоғамдық ортада «100 нақты қадам» кеңінен талқылау жалғасуда - Yvision.kz