Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері 100 нақты қадамды қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Әуезов ауданы прокуратурасы және аталған ауданның сот қызметкерлерінің қатысуымен 5 институционалды реформаны іске асыру мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Әуезов ауданы халыққа қызмет орталығында дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов алғашқы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 15 қадамына тоқталып, басқа да қадамдар бойынша түсініктеме берді.
Әуезов ауданы сотының судьясы Ғалия Әбімұрат сот жүйесіндегі өзгерістерге байланысты, ал аудан прокурорының көмекшісі Нұрсұлтан Қарабаев құқық қорғау органдарына байланысты Ұлт жоспарында көрсетілген өзгерістерді атап өтті. Алматы қаласы халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жамал Баймұханбетова 100 нақты қадамды және де басқа жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына, халықпен тығыз өзара іс-әрекет жасап жатқандығына тоқталды.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Өткізілген іс-шара барысында Алматы телеканалына қазақ және орыс тілдерінде Департамент қызметкерлерінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және басқа болып жатқан реформаларды халық арасында түсіндіру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы сұхбат берілді.

