Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы студенттері Ұлт көшбасшысының реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық мемлекеттік университеті студенттері, Жастар саясаты басқармасы мен   «Жасыл ел» студент жастардың ұйымдастыруымен «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын қолдаймыз» атты флэшмоб өткізілді.

100 студент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам Ұлттық Жоспарыны тоқталып,  тамаша би түрлерін көрсете отырып,  «Жемқорлықсыз – болашақ Қазақстан» ұранымен  100 түрлі-түсті шарларды әуеге ұшырды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің  бөлім  басшысы Мақсатхан Анапин студенттердің шарада белсенділік танытқанына алғысын білдіре отырып,   100 нақты  қадамның 15 қадамына тоқталып, бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатындағы  кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар болашақта жоғары оқу орнын бітірушілер - жас мемлекетіміздің экономикасының негізі   екенін атап өтті.

Студенттердің құрылыс отрядының  басшысы Жұмағали Есенбек Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ студенттері атынан «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының маңыздылығына тоқтай келе, оны  қолдайтындарын  білдірді.

 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Алматы студенттері Ұлт көшбасшысының реформаларын қолдайды - Yvision.kz