Мазмұнға өту

Жаңа

Денсаулық сақтау саласы институционалды реформаларды жүзеге асыру жолында

Алматы қаласы № 24 қалалық поликлиникада  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын түсіндіру тақырыбына орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департменті семинар-кеңес өткізді.

№ 24 қалалық поликлиникасының Бас дәрігері Қорлан Қожасова 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру мақсатында Ел басмыздың реформалары туралы айтты.

 

0
0
373

Тиімді сектор

Бүгінде «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты барлық бөлімдерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, электрондық цифрлық қолтаңба  арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік беру. Айта кету керек, биылғы  жылы ХҚКО арқылы халыққа 157 528 ЭЦҚ берілген.

Орталыққа  келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Сондықтан, «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының»  құрылу идеясы болашақта өзін-өзі ақтайды деп сенеміз, себебі қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны  408 330 –ға  жетті.

Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде орналасқан қоғамдық қол жеткізу орындары арқылы  903 415 қызмет көрсетілген.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының  баспасөз қызметі

 
0
0
221

Құрылыс саласында Ұлт жоспарын түсіндіру

Алматы қаласында Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы (Бұдан әрі - МСҚББ) ұжымының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлері қатысып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әр кадамын түсіндірді. Оның ішінде: мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу және ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру және т.б.

МСҚББ қызметкерлері мемлекеттік қызмет өткеру бағыты бойынша сұрақтарына толық жауптар алды.

0
0
382

Бес институционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру мақсатындағы медицина қызметкерлерінің рөлі

Алматы қаласы  Алатау ауданындағы    №23  емханада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру мақсатындағы медицина қызметкерлерінің рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді.  Семинар-кеңеске   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, медицина ұжымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасының  15 қадамы жөнінде баяндама жасады.

Бас дәрігердің орынбасары Жұпар Дүйсебаева  емханада  атқарылып жатқан жұмыстар мен Елбасының  реформасында  нақты көрсетілген халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсіби мамандарды даярлауда мемлекеттік қызметте ғана емес барлық сала бойынша оның ішінде медицина саласы т.б. мәселелерге  тоқталды.

Семинар-кеңес барысында  дәрігерлер  Нұрғайша Даулетярова мен   Ж.К.Айтымбетовалар  еңбекақы төлеу жүйесіне, қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру мен жеке жоспарларды тиімді орындау мәселелеріне тоқталды.

 

0
0
639

Оңтүстік астананың ақ халатты абзалжандары Елбасының институционалдық реформаларын қолдайды

Алматы қаласы Жедел жәрдем көрсету ауруханасында (Бұдан әрі - ЖЖКА) «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын насихаттау мақсатында семинар – кеңес өтті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліс депутаты Камал Бұрханов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шаттық Өтеев, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова қатысты.

Іс-шара барысында Шаттық Өтеев мемлекеттік қызмет саласында алдағы реформалар туралы айтып өтіп, 1-ші реформаның қадамдарын толық түсіндірді. Және жергілікті атқарушы органдарының бос жұмыс орын туралы жарияланған құлақтандырулар Департаменттің сайтында іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде еңгізілгенін семинар қатысушыларға таныстырды. Бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін ашық және қолжетімді етеді.

Өзінің баяндамасында халықтың қалаулысы Камал Бұрханов - а.ж. қыркүйек айында «100 нақты қадам» бағдарламасына байланысты Парламентте 100 ден астам заңдарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетінін хабарлады. Реформалардың басты мақсаты ұлтты модернизациялау. Егер біз 30 дамыған мемлекеттердің қатарында болғымыз келсе, сол мемлекеттер сияқты өмір сүруіміз керек және біз еңбекқорлық, заңға бағынушылық, тәртіптік білдіруіміз қажет екенін айтты.

Алматы қаласы қазіргі таңда жақсы нәтижеге жеткенін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Касымжанова айтып өтті. 2011 жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау индикаторы бойынша 16 орында болған. Қазіргі таңда Алматы қаласы Республика бойынша 3 орында. Мегаполис, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бойынша және халықтың өлім көрсеткішін азайту бағытында жақсы нәтижелерге жетті. Қазір, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші 76,7 жас. Бала туудың көрсеткіші көтерілді, аналардың өлімі көрсеткіші ең төмен деңгейге түсті. Бұл денсаулық сақтау жүйесін анықтайтын өте маңызды фактор.

Іс-шара барысында өздеріп қызықтырып қойған сұрақтарына толық жауаптарын алды.

0
0
330

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

ҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкі сағат 20.00 минутке дейін жүгінуге болады», - деп қосып өтті Балташева.

Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері – 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тізімін http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негізде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы – электрондық нысанда көрсетілді.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 
0
0
374

Алматының еңбек контенгенті бірінші институционалдық реформасымен танысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, Кәсіби мемлекеттік аппарат құру «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын түсіндіру мақсатымен «АСФАЛЬТОБЕТОН» АҚ ұжымымен кездесті.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин және Жетісу ауданы әкімі орынбасары Жанат Мұрынова қатысты.

Мақсатхан Анапин өзінің баяндамасында бірінші институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ерекшелігімен таныстырып, мемлекеттік қызмет білікті мамандарға әрдайым ашық екенін айтты.

 
0
0
425

100 нақты қадам медицина саласында

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында Алматы қаласы № 15 поликлиникасының медициналық персоналының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп өткізілді.

Іс-шара барысында Деапартамент қызметкерлері бес институционалдық реформаларының негізгі аспектілерін атап өтті, мысалы : кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін еңгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру.

Семинар-кеңес барысында медициналық қызметкерлермен қойылғын бірнеше сұрақтарға толық жауап берілді.

 
0
0
555

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері мен халық қалаулысы Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент), Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрханов және Алмалы аудандық филиалы бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Найля Алшынбекқызы Ордабаеваның қатысуларымен, Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын реформалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрханов Парламенттің жұмысы туралы әңгімелеп, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылған заңдардың жобалары бойынша Парламент заңдарды қабылдау рәсімін жиналысқа қатысушыларға түсіндіріп өтті.  ҚР-ның тәуелсіздік алған уақытынан бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жүргізетін реформаларды кезек-кезегімен атап берді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Жүргінбайұлы Әлішов алғашқы 15, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметіне тікелей қатысты қадамдарға тоқталды. Қазіргі мемлекет барлығы үшін 100 нақты қадам Ұлт жоспарының басқа да қадамдары бойынша түсінік берді.

Алмалы аудандық филиалы бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Найля Алшынбекқызы Ордабаева Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына, халықпен тығыз өзара іс-әрекет жасап жатқандығына тоқталды.

№5 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлшахира Әжмұханқызы Қамбарова реформаларды түсіндіру бойынша өзі басқаратын емханадағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Кеңес барысында өздерін қызықтырып қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

 

0
0
411

Келер жыл да ескіше басталды.

Ескірген жаңа жыл.
Желтоқсанның 1 күні БАҚ " Елбасы жаңа жылдық шырша жақты" деп елге жаңа жылдың жақын қалғанын жарыса жазады. Қарбаласта жүрген халық шыршаның  бой көтергенін, сәнденгенін БАҚ өкілдері жазғаннан кейін айналасына қарап, бақылай бастайды. Билік бұдан екі тіпті одан да көп жыл бұрынғы көтерілген мәселені тағы да қаз - қалпында баяндап береді. Іс өнбейді, нәтиже шықпайды. Жылдағыдай халық жаңа жылды ескіше бастап,  ескіше аяқталарына күмән келтіреді.  Есті жан: "Жаңа жылды тәуелсіздік мейрамынан кейін тойлармыз" -деп, елерген жанды есті етеді. 
Ескіріп кеткен жаңа жылға біреуі қуанды, біреуі мұңайды. Сіз екі көңіл күйдің қайсысын серік еттіңіз ?
0
0
306