Квазимемлекеттік сектор Президенттің реформаларын қолдайды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Каз-Транс-Газ Алматы» ЖШС (Бұдан әрі - КТГ) қызметкерлерін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен таныстыру мақсатында, кездесу ұйымдастырды.
Іс-шарада Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының судьялары Людмила Бектемисова, Елена Кван, Шынар Ергалиева және Бостандық аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының консультанты Байғали Әбдәліұлы қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіріп, жергілікті атқарушы органдарының бос жұмыс орындары туралы жарияланған құлақтандырулар Департаменттің сайтында іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде еңгізілгенін кеңес қатысушыларға таныстырылады. Бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін ашық және қолжетімді етеді.
Іс-шара барысында судья Шынар Ергалиева, екінші реформа - заңның үстемдігін қамтамасыз ету соттардың жұмысын жақсартуға бағытталғанын айтты.
«Нұр Отан» партиясының өкілі Байғали Әбдәліұлы бағдарламаны орындау барысында «Нұр Отан» партиясы толық қолдайтынын туралы қатысушарға айтып өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметке орналысқысы келген КТГ қызметкерлері мемлекеттік қызмет өткеру бойынша өте көп сұрақ қойды.
Департамент қызметкерлері, 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталатыны және мемлекеттік қызметкердің жалақысы қызметінің нәтижесіне байланысты төленетіні туралы айтып өтті.

