Мәдениет және білім қызметкерлері Елбасы реформаларын қолдайды
Алматы қаласы Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламеті Мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрхановтың қатысуымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы филиалы төрағасының орынбасары Н. Ордабаева, №167 мектептің педагогтары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов өз баяндамасында мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасу мәселеріне және Ұлт көшбасшысының 100 нақты тапсырмасы еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуметтік жағдайының барлық жақтарын қамтитындығына тоқталды. Сондай-ақ Президентіміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру мемлекетіміздің тұтастай дамуына зор серпін беретінін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстан дүниежүзінің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық және жұмыс бағдарламарын дамытуда «100 нақты қадам» ерекше маңызға ие мәселелері жөнінде өз пікірін білдірді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі 15 қадамындағы кәсіби мемлекеттік аппаратттың беделін көтеру мен әрбір Қазақстандық азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен қазіргі заманғы мемлекет құру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар дөңгелек үстелде «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы филиалы төрағасының орынбасары Н. Ордабаева, №167 мектептің директоры Б. Көшекбаева, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының директоры Г. Сапакова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын қолдай отырып, реформаның кейбір механизмдерін жүзеге асыру жөнінде өз ойларын ортаға салды.

