Мазмұнға өту

Жаңа

«Орда» тобы «Turkvizyon-2015» байқауында 2-орын иеленді

Халықаралық өнер сайысында біздің намысымызды «Олай емес» әнімен «Орда» тобы қорғады. «Turkvizyon-2015» байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды. Стамбұлда «Turkvizyon-2015» байқауының гранд-финалы өз мәресіне жетті. Биылғы байқаудың бас жүлдесі 194 ұпай жинаған қырғызстандық әнші Жийдешке бұйырды. Ал, 185 ұпайға ие болған «Орда» тобы 2-орын алды. Түркиялық әнші Гөркем Дурмаз 175 ұпаймен 3-орынға табан тіреді. Ал, «Бейбітшілік» сыйлығы Ирак елінен келген күміс көмей әнші Оғыз Сырмалыға бұйырды. Сириялық әнші Әділ Шан «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды. «Қазылардың арнайы сыйлығы» Германиядан келген Дерья Каптанға табысталды. Айта кету керек, гранд-финалда «Turkvizyon» ән байқауында өткен жылы бас жүлдені жеңіп алған Жанар Дұғалова мен «Bala Turkvizyon-2015»-тің «Алтын дауыс» а…

0
0
497

Жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз

Бір жұмадағы жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз. Ой елегінен өткізіңіз

Қазақстан қоғамын қандай мәселе толғандырады? Жаһандық өзгерістердің біздің елге әсері қандай?

Экономика, әлеумет, қазақ саясаты бүгін, 20:00-де.

0
0
823

Табылды Досымовты еске алу кешін көріңіз

Табылды Досымов - өнерге тың серпін алып келген жан. Бард өнерінің алғашқы қарлығашы, «алты ішектің арланы» атанған Табылды Досымовтың әндері бүгінде қазақ сахнасынан ойып орын алған. Ол өнерге тың серпін алып келді. Гитара асынған қазақ баласы 90-шы жылдары жарқ етіп шығып, сол биігінен әлі де аласармай келеді. Ақынның сағынышқа, мұңлы сезімге, тәкаппар намысқа толы әндері көптің жүрегін жаулап алды. Жастарға патриоттық рух сыйлады. «Жалған дүние», «Ұнатамын мен сені», «Сәйгүлік», «Мен қазақпын» әндерін қалың қазақ жақсы біледі, сүйіп тыңдайды. Ақын Рахат Қосбармақ Табылды Досымовты: «Ешкімге ұқасамайтын поэзиясымен, ешкімге ұқсамайтын сазгерлік дарынымен 1990 жылдардағы әдебиетке, өнерге келген толқынның аса айбарлы тұлғасы болды. Адамға деген адалдығы, сенімі жоғары болатын»,-деп еске…

0
0
1056

«Саяхатшы Дара» мультхикаясын өткізіп алма!

Дараның кезекті саяхатын бүгін сағат 11:05-те Ұлттық арнадан көре аласыңдар.

«Саяхатшы Дара» мультхикаясы – балаларға арналған танымдық туынды. Мұнда Дара, Боти, Карта, Жол дорбаның саяхаты баяндалады. Олар үнемі түрлі мекенге сапар шегеді.

Жол бойы кездескен тапсырмаларды орындап, түрлі жұмбақтар шешеді. Қиындыққа тап болған жан-жануарларға және балаларға көмектеседі.

Дараның басынан кешкен қызықты оқиғаларын өткізіп алма! Мультхикаяны бүгін сағат 11:05-те Ұлттық арнадан көре аласыңдар.

0
0
2587

«Ақсауыт». ҚР ҚК-нің тұңғыш әскери тарихи мұражайы

Музейдің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 09:00-де «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Жуырда елордада Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған әскери-тарихи музей ашылған болатын.

Мұражай қорында қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін экспонаттар бар.

Ғимаратта ел тарихындағы тұңғыш Әскери-тарихи музеймен қатар, концерт залы, уақытша көрмелер залы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі орналасатын болады.

Музейдің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ бүгін 09:00-де «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

0
0
916

«Әли мен Айя» мульттоптамасын көрейік!

Бүгінде «Әли мен Айя» мульттоптамасын сүйіп көретін бүлдіршіндер көп. Себебі, Әли мен Айя амандасудан бастап, дұрыс тамақтану әдебі, сөйлеу мәдениетіне  дейін үйретеді. Сонымен қоса, «ұзын-қысқа», «аласа-биік», «үлкен-кіші», «алыс-жақын» сияқты өлшем бірліктері туралы түсінік береді.

Бұл танымдық-анимациялық топтама соңғы жылдары бала тәрбиесіне терең көңіл бөліп келеді. Мультфильмнің ерекшелігі сол, балаларға қызықты деген мәліметтердің барлығы таңғажайып хикаялар арқылы беріледі.

Бүгін Әли мен Айя бүлдіршіндерге қандай танымды ақпарат ұсынады? Ұлттық арнадан 11:55-те бірге көрейік!

0
0
2975

«Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атанды

«Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының финалдық кезеңі аяқталды. Айта кетейік, дауыс беру шаралары 25-қараша мен 15-желтоқсан аралығында lubimec.kz ресми сайтында жүрді. Дауыс беру қорытындылары бойынша, бірқатар аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында «Қазақстан» Ұлттық арнасының жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы үздік тележурналист атағын жеңіп алды. Осыған байланысты «Қазақстан» телеарнасының ұжымы Мейіржанды жеңісімен құттықтап, еңбегіне сәттілік тілейді. Айта кетейік, байқауда жылдың үздік радиостанциясы аталымын «Жұлдыз FM» радиостанциясы жеңіп алды. Facebook-ті пайдаланушылар Эдуард Полетаевты жылдың үздік саясаттанушысы деп таныды. «Жылдың үздік TV ток-шоуы» аталымын «Еуразия» телеарнасының «Ашығын айтқанда» хабары жеңіп алды. Бағдарламаның жүргізушісі Алмас Алтай.…

0
0
784

Шымкентте отандық киімдер сататын дүкен ашылды

Дүкеннің директоры Алмаз Амалбековтың айтуынша, мұнда алдағы уақытта өзге де отандық өнімдер жеткізілмек.

Шымкентте тек отандық киімдер сататын дүкен ашылды. Сауда орталығы «Алтын адам» деп аталады.

«Алтын адам» дүкеніне қойылған ер адамдарға арналған киімдер Сайрам ауданында тігіледі. «Golden Nomad» фабрикасы өнімдерінің сапасы жоғары, бағасы қолжетімді.

Дүкеннің директоры Алмаз Амалбековтың айтуынша, мұнда алдағы уақытта өзге де отандық өнімдер жеткізілмек.

0
0
884

«Әке махаббаты» драмасы – Ұлттық арнада

Режиссері - Чаган Ырмак.

Кішкентай Дениздің шешесі 1980 жылы қыркүйек айында Түркияда әскери төңкеріс басталған кезде қайтыс болады. Жеті жыл өткен соң бала әкесімен бірге ешуақытта көрмеген атасының шаруа қожалығына барады.

Бұған себеп болған әкесі мен атасының арасындағы келіспеушілік. Хусейн Эфенди баласы Садықты қалаға оқуға жібереді. Ал, Садық сол кездегі көп жастар сияқты саяси оқиғаларға араласып, әкесінің ашуын келтіреді.

Фикрет Кускан, Четин Текиндор, Хумейра сынды актерлер басты кейіпкерлерін сомдаған «Әке махаббаты» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
698

Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы» атты концертін көріңіз

Бүгін Ұлттық арнада сағат 15:05-те.

Төреғали Төреәлі – «Отанды сүю – иманнан» әнімен қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген әнші.

1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған. Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, республикалық айтыстардың жүлдегері.

Жуырда жеке шығармашылық кешін берген әншінің концертін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
922