Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақтелеком» АҚ-дан тың жаңалық – «Отбасылық шешім» қызметтер топтамасы

«Отбасылық шешім» - тіркелген және ұтқыр байланысты біріктірген телекоммуникация нарығында жаңалық. Енді қалалық нөмірлері бар Қазақтелеком абоненттері «Отбасылық шешім» топтамасының тарифтік жоспарларына қосылып, өзіне тиімді шарттармен Altel ұтқыр байланысын пайдалана алады.

«Отбасылық шешім» - басқа оператор желілеріне жиі қоңырау шалатын және ұтқыр интернетті үнемі пайдаланатын абоненттер үшін оңтайлы шешім. Топтаманың  «Ата/ана», «Ересек балалар», «Балалар», «Ата/әже» тарифтік жоспарлары ұялы телефон арқылы қалалық нөмірлерге және Алтел желісінің нөмірлеріне, сондай-ақ үй телефонынан барлық Алтел нөмірлеріне шектеусіз қоңырау шалуды ұсынады. Үй телефон нөмірі бар абонент жаңа қызметке қосылып Altelдің 2-ден артық sim-картасын сатып алады және отбасының барлық мүшелерінің көңілінен шығатындай әр sim-картаға ыңғайлы және тиімді тарифтік жоспарды таңдап алады. Абонент sim-картаны неғұрлым көп алса бір нөмірге төленетін абоненттік төлем соғұрлым аз әрі үнемдеу де арта түседі.

Сонымен қатар «Отбасылық шешім» топтамасының тізіміне үй телефонынан ұялы құрылғыларға шақыруларды қайта бағыттау, 40-тан 100-ге дейін басқа оператор желілеріне тегін  қоңыраулар және шектеусіз  жоғары жылдамдықты ұтқыр интернет қызметтері кіреді.

«Отбасылық шешім» барлық отбасы мүшелеріне арналған және қызметтің тағы бір артықшылығы ұтқыр байланысқа алдын ала төлемнің жоқтығы. «Бір отбасы-бір тариф және бір баланс» - телекоммуникация қызметтерінің түбіртегінде үй телефонымен қатар ұтқыр байланысқа бір абоненттік төлем көрсетіледі, ал бұл ұтқыр байланыс шығындарын бақылауға және болжауға мүмкіндік береді. «Отбасылық шешім» жаңа топтамасы бойынша толық ақпарат алу үшін сервис желісі пункттеріне немесе 160 телефоны арқылы хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 
0
0
1009

Осы тақырып бойынша

«Қазақтелеком» АҚ-дан тың жаңалық – «Отбасылық шешім» қызметтер топтамасы - Yvision.kz