Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жекешелендіру аясында саудаға 421 объекті шығарылды

2014 - 2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 831 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады. 2015 жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 421 объекті шығарылды, оның ішінде 233 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 12, коммуналдық меншік бойынша - 110, ӘКК - 61, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 4 949 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 902 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 964 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша

Барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 40 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 12 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

Барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 490 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде                       22 желтоқсандағы жағдайы бойынша 216 объекті шығарылды, соның ішінде 110 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың желтоқсандағы кезеңінде 111 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 85 объекті сатуға қойылды, 61 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 127 объекті жекешелендіруге жатады, 22 желтоқсандағы жағдайы бойынша жоспарланған 111 объектінің 93 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

0
0
355

Осы тақырып бойынша