Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңа жыл мерекесі әр континентте

Болашақты болжағысы келген әр оқырманды «Жаңа жыл мерекесі әр континентте» жұлдызжорамал-кітап көрмесіне шақырамыз. 2016 жылдың иесі – МАЙМЫЛ  жер шарының барлық континенттерінде ЖАҢА ЖЫЛДЫ  қалай қарсы алатыны туралы «сыр шашады». Сіздер барлық зодиак белгілері үшін толық сипаттама аласыздар. Сіздерді құттықтаулар, ұтыс ойындары және тағысын тағылар күтеді.

Жағымды әсерге кепілдік береміз!

0
0
647

Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

60 мемлекет және 13 халықаралық ұйым Астана EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады.

Австрия EXPO-2017 көрмесіне қатысатындығын растады. Бұл халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын растаған осымен 60-шы мемлекет. Мұндай шешім Австрия Үкіметінің бірлескен отырысында қабылданып, нәтижесінде Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне Австрия Республикасы ресми нота жолдады. Осылайша, бүгінгі таңда 60 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым «Астана EXPO-2017» көрмесіне қатысатындығын ресми нақтылады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13053

 
1
0
401

Ә.Пірметов: «Жасыл» технологияны жандандыру – жаһандық мәселе

Әлем елдері биылдың өзінде «жасыл» технологияны дамыту мақсатында 270 млрд доллар қаражат бөлді.

2050 жылға дейін қуаттың 10-15%-ын баламалы энергия көздері арқылы өндіру мақсаты тұр. Сондықтан ЕХРО халықаралық көрмесі аясында шетелдік мамандармен тәжірибе бөлісіп, өз ғылыми жетістіктерімізді өзгеге көрсетудің маңызы зор. Мемлекет басшысы биылғы басты оқиғаларға орай тілшілерге берген сұхбатында осындай ой айтқан болатын. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарама төрағасының орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, бұл тұрғыда көрмеге дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 57 мемлекет әлемдік шараға қатысатынын қуаттады.

Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Көрме арқылы біз әлемде осы бағытта атқарып жатқан жұмысымызды көрсетіп, сонымен қатар Астананы, біздің бас қаламызды әлемдік жаңа технологиялар, баламалы энергияны дамыту орталығына айналдыруға үлкен мүмкіндік болады деп санаймыз. Бұл жұмыс тек көрме барысында ғана шектелмейді, көрмеден кейін де дамиды. Мысалы, БҰҰ Бас ассамблеясында Елбасының айтқан ұсынысына сәйкес, біз көрмеден кейін көрме нысандарын қолдана отырып, Халықаралық «жасыл» технологияларды дамыту орталығын ашу жөніндегі ұсынысты жүзеге асыруға талпынамыз.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12975

 
1
0
320