«Қуант бізді Жаңа жыл!!!»
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кітапханада сүйікті оқырмандарымызға арналған «Қуант бізді Жаңа жыл!!!» атты қойылым ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерін көтеруге ертегі кейіпкерлері Қоян, Аю, Түлкі келіп, өздерінің шарттарын қойып балалармен бірге ойын ойнады. Сондай-ақ, Маша мен Панда да тәтті қылықтарымен шаттандырды. Әсерлі әуен айтылып, қошақанмен би биледі. Әсем де биік шыршаның шамдары Ақшақардың сиқырлы таяқшасының көмегімен, балалардың сиқырлы сөздерімен жағылды. Аяз ата мен Ақшақар өз өнерін көрсеткен балаларға тәтті сыйлықтар үлестірді. Шаттық шашқан мерекенің ажарын келе жатқан Мешін жылы аша түсті.


